Page 140 - index
P. 140

технологияларды қолдануға мүдделі болады. Бұл қызмет өнімнің
бәсекеге қабілеттілігін және сапасы туралы мәселелерді шешеді.

   2. Ұйымдастыру қызметі. Әрбір кәсіпкер минималды шығын
жұмсау және максималды пайда табу мақсатымен ең тиімді өндірісті
таңдайды. Өндірісті ұйымдастыру кезінде кәсіпкер жер, еңбек,
капитал ресурстарын бір үдеріске біріктіреді.

   3. Басқару қызметі. Әрбір кәсіпкер шаруашылықты жүргізуде
негізгі шешімдерді қабылдау инициативасын өз жауапкершілігіне
алады: кадр мәселесі, өнімді сатып өткізу, банк жүйесімен байланысты
мәселелерді шешеді.

   4. Тәуекелге бару қызметі. Әрбір кәсіпкер тәуекелге бару үшін
істелетін істің айқындылығын талдап, қорытындысында не болаты­
нын білген жөн. Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін
тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің
серіктестіктерінің немесе акционерлерінің қаржыларын тәуекелге
салады.

   Кәсіпкерліктің экономикалық, әлеуметтік және құқықтық
жағдайлары. Кәсіпкерлікпен айналысу барысында экономикалық,
әлеуметтік және құқықтық жағдайлар ескерілуі қажет.

   1. Экономикалық жағдайлар: Нарыққа тауар, қызметтер ұсыну,
тауарлардың, қызметтердің алуан түрлері, тұтынушылардағы ақша-
қаражат көлемі, яғни олардың сатып алу қабілеттілігі, жұмыс орны­
ның және жұмыс күшінің артық-кемдігі, еңбек ақы қорының артық-
кемдігі, қарыз беретін мекемелердің ақша ресурстары болуы керек.

   2. Әлеуметтік жағдайлар. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қалып­
тастыру үшін тұтынушыларда тауар сатып аларлық қаражаты болуы,
олардың тауарға, қызметке деген талғамы, төлем қабілеттілігі бар
сұранысы болуы. Әлеуметтік жағдай әрбір адамның жұмыс орнын­
дағы жағдайы, еңбек ақы мөлшерімен байланысты. Әрбір кәсіпкер
денсаулық сақтау, жұмыс орнын жасақтау, еңбек ақы мөлшерін
қадағалау сияқты әлеуметтік мәселелерге белсенді араласып, жағдай
жасауы тиіс.

   3. Құқықтық жағдайлар. Кәсіпкерлікті реттейтін заңдар
және нормативтік-құқықтық жағдайлардың болуы: Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодексі, салық туралы заңдар,
кәсіпкерлерді қорғайтын заңдар, шағын және орта бизнесті қолдайтын
органдар, меншікке құқықтық заңдар.

   Кәсіпкерліктің түрлері және ұйымдастыру формалары.
   Кәсіпкерліктің түрлеріне өндірістік, коммерциялық, қаржылық,

           140

⇐ МАЗМҰНЫ
   135   136   137   138   139   140   141   142   143   144   145