Page 137 - index
P. 137

7-тақырып

  Фирма теориясы. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру
                                    негіздері

   Мақсаты: фирманың теориялық бағыттарын зерттеу және
кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі нысандарын, сонымен қатар,
Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуын қарастыру.

   Талқылау сұрақтары:

   7.1.	 Фирма немесе кәсіпорын: мәні және теориялық бағыттары;
   7.2.	 Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары;
   7.3.	 Кәсіпкерлік капитал. Толық айналым және ауыспалы айна­

          лым. Инвестициялар;
   7.4.	 Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуы.

   Негізгі ұғымдар: фирма, кәсіпорын, бизнес, кәсіпкерлік, жеке
кәсіпкерлік, серіктестік, акционерлік қоғам, капитал айналымы,
ауыспалы айналым, толық айналым, инвестиция, амортизация,
материалдық тозу, сапалық тозу, т.б.

7.1. Фирма немесе кәсіпорын: мәні және теориялық
                           бағыттары

   Экономикалық теория мен тәжірибеде «фирма» ұғымы коммерция­
лық қызметпен айналысатын шаруашылық құрылымдар-дың
атауын белгілеу үшін қолданылады. Фирма деп өзінің мүліктік
жауапкершілігімен коммерциялық іс-әрекетті жүзеге асыруына
мүмкіндік беретін белгілі бір мүлкі мен бекітілген құқықтары бар
шаруашылық бірлікті айтады.

   Экономикалық теорияда фирманың бірнеше теориялық бағыттары
бар.

   Фирманың неоклассикалық теориясы. Бұл теория бойынша
фирма өз пайдасын максималдауды көздейтін және қызметі
өндірістік функциямен анықталатын технологиялық бірлік ретінде
қарастырылады. Фирманың басты міндеті болып өндіріс шығындарын
минималды деңгейге жеткізетін өндірісі ауқымы мен ресурстардың
оңтайлы үйлесімділігін таба білу және өндірістің тиімділігін
анықтау табылады. Фирманың неоклассикалық тұжырымдамасы
нарықтың тиімділігін, ондағы ақпараттың толықтылығын, бағаның

           137

⇐ МАЗМҰНЫ
   132   133   134   135   136   137   138   139   140   141   142