Page 198 - index
P. 198

10-тақырып

Макроэкономика. Ұлттық экономика жүйе
                                ретінде

   Мақсаты: экономикадағы зерттелетін негізгі мәселелерді
макроэкономикалық талдау тұрғысынан зерттей келе, негізгі
макроэкономикалық көрсеткіштерге жалпы шолу жасау және ұлттық
экономикадағы табыстар мен шығындардың шеңберлі айналым
үлгісін қарастыру.

   Талқылау сұрақтары:

   10.1.	Макроэкономика (ұлттық экономика): анықтамасы, мақсат­
          тары, құралдары, талдау ерекшеліктері;

   10.2.	Ұлттық экономика деңгейіндегі табыстар мен шығындардың
          шеңберлі айналымы;

   10.3.	Ұлттық шоттар жүйесіндегі негізгі макроэкономикалық
          көрсеткіштер және оларды есептеу әдістері;

   10.4.	Атаулы және нақты жалпы ішкі өнім. Бағалар индексі.

   Негізгі ұғымдар: макроэкономика, макроэкономикалық талдау,
агрегаттау, макроэкономикалық саясат, ұлттық шоттар жүйесі, жалпы
ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, таза ұлттық өнім, ұлттық табыс, жеке
табыс, қолда бар табыс, бағалар индексі, тұтыну қоржыны, атаулы
жалпы ішкі өнім, нақты жалпы ішкі өнім, т.б.

10.1. Макроэкономика (ұлттық экономика): анықтамасы,
       мақсаттары, құралдары, талдау ерекшеліктері

   Экономикадағы негізгі зерттелетін мәселелер микроэкономикалық
және макроэкономикалық талдау тұрғысынан қарастырылады.
Экономикалық талдаудың осындай екі түрін алғаш рет бөліп көрсет­
кен норвегиялық экономист, Нобель сыйлығының иегері Рагнар Фриш
(1895-1973) болды. Ал макроэкономикалық талдаудың негізін салушы
және қазіргі макроэкономика ғылымының атасы, ағылшын экономисі
Джон Мейнард Кейнс болып табылады. Оның «Жұмыспен қамтудың,
ақшаның және пайыздың жалпы теориясы» атты әйгілі еңбегінде
макроэкономикалық талдаудың негізгі сұрақтары және экономикаға
мемлекеттің араласу заңдылықтары кеңінен зерттеледі.

   Макроэкономика – бұл экономикадағы агрегатталған өлшемдерді

(жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс, жиынтық шығындар) талдайтын

           198

⇐ МАЗМҰНЫ
   193   194   195   196   197   198   199   200   201   202   203