Page 200 - index
P. 200

3. Әлеуметтік саясат – ел азаматтарының әлеуметтік жағдайларын
қорғау және қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етуге
бағытталған макроэкономикалық реттеудің маңызды бір бағыты;

   4. Сыртқы экономикалық саясат – мемлекеттің ашық экономика
жағ-дайында халықаралық сауда қатынастарына араласа отырып,
ұлттық экономика-ның өсуі мен тиімділігін арттыру, халықтың өмір
сүру деңгейін жақсарту мақсатында таза экспортты реттеуге араласуы.

   Экономикалық саясаттың осындай түрлеріне біз алдағы тақырып­
тарда жеке-жеке тоқталып өтетін боламыз.

   Макроэкономикалық талдау микроэкономикалық талдаумен
тығыз байланысты, өйткені микроэкономикалық байланыстар
макроэкономикалық құбылыстардың негізі болып табылады.

   Сонымен, макроэкономика – бұл экономиканы біртұтас жүйе
ретінде зерттейтін ғылым. Ол экономикада болып жатқан өзгерістерді
түсіндіруге, нарықтық жүйенің қызмет етуін жақсарту бойынша
экономикалық саясатты жүргізуге мүмкіндік береді.

10.2. Ұлттық экономика деңгейіндегі табыстар мен
          шығындардың шеңберлі айналымы

   Макроэкономикалық теорияда ұлттық экономика шеңберінде
табыстар мен шығындардың шеңберлі айналымы туралы зерттеледі.

   Нарықтық қатынастар жағдайында алуан түрлі тауарлар мен
қызметтердің көптеп өндіріледі, ал олардың өндірісіне әртүрлі
факторлар қатысады. Нарықтың белгілі субъектілері әртүрлі
факторлардың иелері ретінде табыстарды алып отырады. Бірақ
осындай субъектілердің табыстары бір уақытта нарықтағы басқа
бір субъектілердің шығындары ретінде көрінеді. Сондықтанд
макроэкономикалық талдау тұрғысынан табыстар мен шығындардың
айналымы туралы қарастырудың маңызы зор болып табылады.

   Негізінен, ұлттық экономика шеңберінде айналатын табыстар
мен шығындардың қалыптасуына нарықтың барлық субъектілері
қатысады. Ол қарапайымнан күрделіге қарай кете береді. Осындай
айналымның бірнеше түрлері орын алады.

    1.	 Жабық экономикадағы мемлекеттің қатысуынсыз табыстар мен
        шығындардың айналым үлгісі.

    2.	 Жабық экономикадағы мемлекеттің қатысуымен табыстар мен
        шығындардың айналым үлгісі.

    3.	 Ашық экономикадағы табыстар мен шығындардың айналым

        үлгісі.

           200

⇐ МАЗМҰНЫ
   195   196   197   198   199   200   201   202   203   204   205