Page 199 - index
P. 199

және негізгі экономикалық мәселелерді ұлттық экономика шеңберінде
зерттейтін экономикалық теорияның құрамдас бір бөлігі.

   Ұлттық экономиканың негізгі мәселелері – елдегі нарықтық
шаруашылықтың жалпы бейнесін көрсететін макроэкономикалық
талдаудың саласы. Макроэкономикалық талдау арқылы ұлттық
экономикада болып жатқан күрделі өзгерістер, экономикалық
саясатты әзірлеу шаралары қарастырылады. Макроэкономикалық
үдерістер бүгінгі күні қандай да бір ұлттық экономиканың дамуының,
жетістіктерге жетуінің және дағдарысқа ұшырауының аса маңызды
көрсеткіші ретінде саналады. Макроэкономикалық талдау тұтас
алғанда тек қоғамдық деңгейде ғана, яғни мемлекеттік экономикаға
араласуымен шешуді талап ететін бірқатар негізгі мәселелерді алға
тартады.

   Макроэкономиканың зерттейтін негізгі мәселелері:
   1. Экономикалық өсу;
   2. Толық жұмысбастылық;
   3. Экономикалық тиімділік;
   4. Бағалар деңгейінің тұрақтылығы;
   5. Табыстарды әділетті бөлу және әлеуметтік әділеттілік;
   6. Сауда балансы;
   7. Қоршаған ортаны қорғау.
   Осындай мәселелер кез келген қоғамда бір-бірін толықтырып
отырады және бір-біріне қарама-қайшы келіп отырады. Сондықтан
қоғам алдағы қойған басымдық мақсаттарға байланысты негізгі
макроэкономикалық мәселелерді шешуді осы тұрғыдан қолға алуы
тиіс.
   Сәйкесінше, негізгі макроэкономикалық мәселелерді зерттеу
мемлекеттің қандай да бір экономикалық саясатын талдаусыз және
жүргізусіз мүмкін емес. Кез келген мемлекет өз қарамағында негізгі
макроэкономикалық мәселелерді шешудің өте бай құралдарын
иеленеді. Макроэкономикалық талдау құралдары – бұл бір
немесе бірнеше мақсаттардың орындалуын көздейтін және
макроэкономикалық мәселелерді шешуге атсалысатын мемлекеттің
экономикалық саясатының кешенді іс-шараларының жиынтығы.
Жалпы алғанда, макроэкономи-калық саясат құралдарының мынадай
түрлері орын алады:
   1. Бюджет-салық (фискалдық) саясаты – мемлекеттің салық салу
және мемлекеттік шығындар арқылы экономикаға әсер етуі;
   2. Ақша-несие (монетарлық) саясаты – мемлекеттің елдің ақша,

несие және банк жүйелері жолымен экономикаға әсер етуі;

           199

⇐ МАЗМҰНЫ
   194   195   196   197   198   199   200   201   202   203   204