Page 217 - index
P. 217

36. Жеке табыс дегеніміз – бұл:
    A)	Бір жылда өндірілген тауарлар мен қызметтер құны
    B)	Бір жылда үй шаруашылықтарының және фирмалардың тапқан
        табыстары
    C)	Салық төлегеннен кейінгі жеке тұтыну шығындарына арналған
        барлық табыстардың сомасы
    D)	Салық төлегенге дейінгі жеке тұтыну шығындарына арналған
        барлық табыстардың сомасы
    E) ЖІӨ минус амортизация

37. Макроэкономика дегеніміз – бұл:
    A)	экономиканы біртұтас жүйе ретінде зерттейтін ғылым
    B)	экономиканың даму заңдылықтарын адам, отбасы және
        кәсіпорын деңгейінде зерттейтін экономикалық теорияның бір
        бөлімі
    C)	ресурстар мен өндіріс факторларының шектеулі болу
        жағдайында адамдардың іс-әрекетін зерттейтін ғылым
    D) экономикалық ойдың даму кезеңдерін зерттейтін ғылым
    E) тек экономиканың Циклдік дамуын ғана зерттейтін ғылым

38. Таза ұлттық өнім дегеніміз:
    A) ЖҰӨ – амортизация B) ЖҰӨ – жанама салықтар
    C) ЖҰӨ – трансферттер D) ЖҰӨ + амортизация
    E) ЖҰӨ – субсидиялар

39.	Егер Қазақстан азаматы Ресейде орналасқан қазақстандық
    компанияда жұмыс істесе, онда оның табысы:
    A)	Қазақстан ЖҰӨ мен Ресей ЖІӨ-нің бір бөлігі болады
    B)	Қазақстан ЖІӨ мен Ресей ЖҰӨ-нің бір бөлігі болады
    C)	Қазақстан ЖІӨ мен Ресей ЖІӨ-нің бір бөлігі болады
    D)	Қазақстан ЖҰӨ мен Ресей ЖҰӨ-нің бір бөлігі болады
    E)	Қазақстаннан тыс жерде алынған табыс болғандықтан
        ескерілмейді

40. Мына табыстардың қайсысы ЖІӨ-ге (ЖҰӨ-ге) кіреді?
    A) медбикенің табысы (жалақысы)
    B) ескі жиһазды сатудан түскен табыс
    C) 1984 жылы салынған қала сыртындағы үйді сатып алу
    D) жақын туысыңа ақша аудару
    E) Туған күн иесіне сыйлық жасау

           217

⇐ МАЗМҰНЫ
   212   213   214   215   216   217   218   219   220   221   222