Page 219 - index
P. 219

11.1-сурет. Жиынтық сұраныс қисығы

   Жиынтық сұраныс көлемін негізінен төрт экономикалық субъект
қамтамасыз етеді және осыған сәйкес, жиынтық сұраныстың
құрауыштары пайда болады:

                               Y = C + I + G + NX

   Мұндағы,
   Y – жиынтық сұраныс немесе жиынтық шығындар көлемі;
   C – үй шаруашылықтарының тұтынушылық сұраныстары;
   I – фирмалардың инвестициялық шығындары;
   G – мемлекеттік шығындар;
   NX – таза экспорт, яғни экспорт пен импорт құндарының айыр­ма­сы.
   Жоғарыда атап өткеніміздей, жиынтық сұраныстың осындай
теңдеумен анықталуын біз негізгі макроэкономикалық теңдестік деп
атаймыз.
   Жиынтық сұранысқа және оның көлеміне бағалық және бағалық
емес факторлар әсер етеді. Егер баға деңгейі өзгерсе, онда жиынтық
сұраныс қисығының бойында өзгеріс орын алып жиынтық сұраныс
көлемі өзгеріске ұшырайды. Ал бағалық емес факторлар әсер етсе,
онда жиынтық сұраныстың өзі өзгереді де қисық оңға немесе солға
жылжиды. Жиынтық сұраныстың бағалық емес факторларын төрт
топқа бөлуге болады:
   1. Тұтынушылық шығындардың өзгерісі, оларға үй шаруа­
шылықтарының табысы, олардың әл-ауқаттылығы, болашақты күту,
жеке табыс салығындағы өзгерістер, т.б. жатады.
   2. Инвестициялық шығындардың өзгерісі, оларға пайыз мөл­
шерлемесі, әртүрлі жеңілдіктер, бизнес салықтары, т.б. жатады.
   3. Мемлекеттің шығындардың өзгерісі, оған мемлекеттің белсенді
экономикалық саясаты жатады.
   4. Таза экспорттағы өзгерістер, оған валюта бағамының өзгеруі,
сыртқы экономикалық жағдайлар жатады.

           219

⇐ МАЗМҰНЫ
   214   215   216   217   218   219   220   221   222   223   224