Page 218 - index
P. 218

11 - т а қ ы р ы п

  Макроэкономикалық тепе-теңдік және оның
                                    үлгілері

   Мақсаты: жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-
теңдігін түсіндіру, макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық
және кейнстік үлгілеріне тоқталу, сонымен қатар макроэкономикалық
деңгейдегі тұтыну, жинақтау, инвестиция ұғымдарына және
мультипликатор теориясына талдау жасау.

   Талқылау сұрақтары:

   11.1.	Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс;
   11.2.	Макроэкономикалық тепе-теңдік және оның үлгілері;
   11.3.	Тұтыну және жинақтау функциясы. Инвестициялар;
   11.4.	Мультипликатор теориясы.

   Негізгі ұғымдар: жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, жиынтық
шығындар, макроэкономикалық тепе-теңдік, тұтыну шығындары,
инвестиция-лық шығындар, мемлекеттік шығындар, таза экспорт,
мультипликатор, т.б.

11.1. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс

   Ұлттық экономика деңгейінде қандай да бір елдің территориясында
өндірілген жалпы ішкі өнімді бір жылдың ішінде сатып алатын және
оны сататын іріленген экономикалық субъектілер жұмыс істейді.
Осындай іріленген экономикалық субъектілерге үй шаруашылығы,
фирмалар, мемлекет және сыртқы орта жатады. Олар жалпы ішкі
өнімге қатысты жиынтық шығындарды және жиынтық табыстарды
қамтамасыз етіп отырады. Бір жағынан, ол жиынтық сұраныс, ал
екінші жағынан, ол жиынтық ұсыныс ретінде көрінеді. Енді осы
ұғымдарға толығырақ тоқталамыз.

   Жиынтық сұраныс – экономикалық субъектілердің бір жыл
ішінде өндірілген жалпы ішкі өнімді сатып алуға жұмсайтын жиын­тық
шығындары. Жиынтық шығындардың көлемі елдегі баға деңгейіне
тәуелді болып табылады және жиынтық сұраныс қисығы бағаның
белгілі бір деңгейінде сатып алынатын жиынтық өнімнің көлемін
көрсетеді. Баға деңгейі мен жиынтық өнім көлемі арасындағы кері
тәуелділікті төмендегі суреттен байқауға болады.

           218

⇐ МАЗМҰНЫ
   213   214   215   216   217   218   219   220   221   222   223