Page 225 - index
P. 225

инвестициялар жалпы ішкі өнімнің артуына және экономикалық өсуге
жағдай жасайды, содан кейін жалпы ішкі өнімнің артуы қайтадан
инвестицияларды ынталандырады. Сондықтан жиынтық сұраныс пен
жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі ауытқымалы кезеңмен (циклдік)
дамып отырады.

   Инвестициялардың екі түрі бар:
   1. Автономды (тәуелсіз) инвестициялар – ұлттық табыстың
өсіміне байланысты емес тұрақты инвестициялар. Автономды
инвестициялар техникалық прогрестің құбылмалы болуы, халық
санының өсуі, сыртқы нарықтардың кеңеюі, адамдар талғамының
өзгеруі сияқты себептерге байланысты пайда болады. Мұндай
инвестициялардың көзі болып әдетте, мемлекет бюджет табылады.
   2. Туынды (индуцирлі) инвестициялар – ұлттық табыстың
өзгеруіне байланысты жүзеге асырылатын тәуелді және ынталан­
дырушы инвестициялар. Автономды инвестициялар жиынтық табыс­
ты арттырып, соның өсуімен байланысты тәуелді инвестицияларды
ынталандырады. Мұндай инвестициялардың көзі болып әдетте,
кәсіпкерлік пайда табылады, ал соңғысы Y ұлттық табыстың өсуімен
қатар ұлғаяды. Олай болса, туынды инвестициялар да артады. Бұл
жерде жиынтық табыстың өсуіне орай, өндірістік инвестициялармен
бірге, тауарлы-материалдық қорларға және тұрғын үй құрылысына да
инвестициялар артады. Демек, экономиканың жандануы жағдайында
ескі капиталдардың қоры жаңартылады және тұрғын үйге сұраныс
ұлғаяды.
   Инвестициялауға шекті бейімділік (MPI) – жиынтық табыстың
кез келген өзгерісіндегі инвестициялауға кететін шығындар өсімінің
пайыздық үлесі:

                                  МРІ = ΔI / ΔY,

мұнда, ΔI – инвестициялар шамасының өзгеруі; ΔY – табыстың өз­
геруі.

   Кейнстік үлгі әрқашанда жиынтық сұраныс тарапынан дағ­
дарыстық экономиканы зерттеуге бағытталады. Экономикалық
белсенділіктің төмен болуы жағдайында жиынтық сұранысты үнемі
ынталандырып отыру қажет. Сол себепті өндірістің терең құлдырауын
болдырмау үшін жиынтық сұранысты реттеу бойынша мемлекеттің
белсенді экономикалық саясаты қажет.

           225

⇐ МАЗМҰНЫ
   220   221   222   223   224   225   226   227   228   229   230