Page 226 - index
P. 226

11.4. Мультипликатор теориясы

   Мультипликатор (латын тілінде multіplіkator – көбейтуші) –
табыстың өзгеруі инвестициялардың өзгеруіне байланысты екенін
көрсететін коэффициент. Мультипликатор идеясын экономика
ғылымына алғаш рет 1931 жылы ағылшын экономисі Ричард
Кан енгізді. Ол инвестицияның халықтың сатып алу қабілеті мен
жұмыспен қамтылуын қалай еселейтінін (мультипликациялайтынын)
көрсетіп берді. Дж. М. Кейнс «Жұмыспен қамтудың, пайыздың,
ақшаның жалпы теориясы» атты әйгілі еңбегінде мультипликатордың
жалпылама түсініктемесін берді. Мультипликатор теориясы бойынша
белгілі бір өндіріс аясына жұмсалған шығын басқа өндіріске және
жұмыспен қамтылуға ынталандырушылық ықпал етеді. Жалпы
ұлттық өнім көлеміндегі бұл оң, өскелең нәтиже мультипликативтік
әсер деп аталады. Мультипликатор инвестиция мөлшері көбейгенде
жалпы ұлттық өнімнің өсу көлемін көрсететін сандық коэффициент
болып табылады. Мысалы, инвестиция 100 млрд. теңгеге өссе,
мұның өзі жалпы ұлттық өнімді 300 млрд. теңгеге өсіреді, демек,
мультипликатор = 3, егер жалпы ұлттық өнім 200 млрд. теңгеге артса,
онда мультипликатор 2-ге тең болады. Кейнстік мультипликатор
теориясы шеңберінде үкімет (мемлекеттік тапсырыс), фирмалар,
халық жұмсаған ірі көлемдегі шығынның (инвестицияның) оң ықпалы
ұлттық өндірістің тиімділігіне және өсуіне игі әсерін тигізетіні
негізделді. Кейіннен мультипликациялану (көбею) құбылысы уақыт
факторын ескере отырып қарала бастады және мультипликатордың
динамикалық серпінді үлгісі пайда болды. Ол бастапқы инвестиция
нәтижесінің қайталанып отыратындығын басшылыққа алып
жасалды. Жинақ ақша мен инвестиция серпініне талдау жасауда
мультипликатор теориясын пайдалану жиынтық сұраныстың,
жалпы ішкі өнім көлемінің және халықтың жұмыспен қамтылуының
өзгеруіне ықпал етудің нақты тұтқаларын көрсетеді. Бұл теория
түрлі бағыттар тарапынан сынға ұшырағанымен, тиімді сұраныс
тұжырымдамасын, нарықтық экономиканы реттеу қажеттілігі мен
мүмкіндігін негіздеуде ерекше рөл атқарды. Түрлері: инвестициялық
мультипликатор – күрделі жұмсалымның жиынтық табысқа ықпалы;
ақша мультипликаторы – ақша-несие жүйесіне салымның көбеюі не
азаюы нәтижесінде ақша массасының бір бірлікке шаққанда қаншаға
артатынын не қысқаратынын көрсететін сандық коэффициент;
депозиттік (несиелік) мультипликатор – банк депозиттеріндегі

           226

⇐ МАЗМҰНЫ
   221   222   223   224   225   226   227   228   229   230   231