Page 229 - index
P. 229

беру, дискуссия, сұрақ-жауап, т.б. ұйымдастыру әдістері арқылы
жүргізілуі тиіс.

   Мақсаты: макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық
кейнстік үлгілеріне, олардың айырмашылықтары мен ерекшеліктеріне
кеңірек тоқталу. Ол үшін тәжірибе сабағында тақырып бойынша
мынадай сұрақтардың мәнін ашу керек:

   11.1. Жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, әсер ететін фактор­
          лары, қисықтары, үлгілері;

   11.2. Макроэкономикалық тепе-теңдік және оның үлгілері;
   11.3. Тұтыну, жинақтау, инвестиция функциялары;
   11.4. Мультипликатор теориясы.

                      Студенттің өзіндік жұмыстары

   Мақсаты: тақырыптың негізгі талқылау сұрақтарын мәселелік
тұрғыдан қарастыру үшін ұсынылатын әдебиеттерді игеру, сонымен
қатар, тақырыпты толық меңгеріп бекіту үшін төмендегідей
ұсынылатын тапсырмаларды орындау.

    1.	 Тақырып бойынша экономикалық сөздік жасау (глоссарий).
    2.	 Тақырып бойынша логикалық сызбалар құрастыру.
    3.	 Мәнжазба, эссе, баяндама тақырыптары:
   Макроэкономикалық тепе-теңдіктің қазіргі заманғы үлгілері;
   Қазақстанның ұлттық инвестициялық саясаты;
   Қазақстанда ұлттық экономика үлгісін құрудың ерекшеліктері.
   4. Мына сұрақтарға жауап беріңіз (конспект):
   1) Сэй заңдары.
   2) Акселератор теориясы.

   5. Есептер:
   1. Экономикада әлеуетті жалпы ішкі өнім 2 000 млрд. теңгеге тең.
Жиынтық сұраныс қисығының теңдеуі Y = 2 480-200P болып берілген.
Мемлекеттік шығындардың өсуіне байланысты жиынтық сұраныс
қисығының теңдеуі Y = 2 560-200P болып өзгерді. Қысқа мерзімдегі
және ұзақ мерзімдегі баға деңгейін және жалпы ішкі өнімнің тепе-
теңдік мәнін табыңыз және график салыңыз.

   2. Экономикада инвестиция функциясы I = 40+0,4Y теңдеумен,
ал жинақтау функциясы S = -20+0,6Y теңдеумен берілген. Мұнда
Y – ұлттық табыс. Ұлттық табыстың тепе-теңдік деңгейін анықтаңыз.

           229

⇐ МАЗМҰНЫ
   224   225   226   227   228   229   230   231   232   233   234