Page 24 - index
P. 24

құлық танытудың ең маңызды себептері болып табылады. Осыған
байланысты, үнемі өзгеріп отыратын экономикалық жағдайларға
сәйкес және қолдағы бар нақты ақпараттарға сүйене отырып, олар
алдағы болашақ уақытқа қарап шешімдер қабылдап отырулары тиіс.

   Ұсыныс экономикасы теориясы. ХХ ғасырдың
70-80-жылдары танымал болған бұл бағыттың негізін американ
экономисі Артур Лаффер (1941 жылы туылған) салған. Бұл теория
70-жылдары орын алған энергетикалық дағдарыстан кейнстік талдау
әдістері негізінде нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің
айтарлықтай әлсіреуіне байланысты орын алды. Неоклассикалық
батыстық бағыт экономиканы сауықтырудың жаңа әдістерін
іздестірумен болды. Лаффердің және оның жақтастарының
көзқарастары тұрғысынан, экономикалық дамудың факторы деп
сұранысты емес, ұсынысты қолдау және кәсіпкерлердің инвестиция­
лық қызметін ынталандыру керек дейді. Негізгі қағидасы болып
мемлекеттің экономикаға араласуын барынша төмендете отырып,
жеке кәсіпкерлікке көмек беру табылады. Мемлекеттік қаржылар
басты құрал ретінде қарастырылады, яғни салық мөлшерлемелерін
төмендету жолымен кәсіпкерлікті дамытуға маңызды түрде көңіл
бөлінеді. Лаффердің теориясы және оның тәжірибелік қорытынды­
лары сол кездегі АҚШ Президенті Рональд Рейганның «Рейгано­
мика» атты мемлекеттік саясатында көрініс тапты.

   ИНСТИТУЦИОНАЛИЗМ. «Институционализм» термині
«заң негізінде орнатылған тәртіп немесе дәстүр» дегенді білдіреді.
Институционалдық-әлеуметтік бағыт қазіргі экономикалық теорияда
маңызды орын алады. Бұл теорияның негізгі өкілдері: американдық
экономистер Торстейн Веблен (1857-1929), Джон Коммонс (1862-
1938), Уэсли Митчелл (1874-1948), Джон Гэлбрейт (1908 жылы
туылған). Бұлар экономикалық мәселелерді дәстүрлі емес әдістер
арқылы зерттейді. Неоклассиктердің «экономикалық адам» мәселесін
«әлеуметтік адам» ретінде қарастырды. Бұл жағдай олардың пікірін­
ше, институттар арқылы реттеледі, яғни ол институттарға мемлекет,
отбасы, адамгершіліктік және құқықтық нормалар, корпорациялар,
кәсіподақтар, басқа да экономикалық құбылыстар мен тетіктер жатады.
Сонымен қатар, институттар адамдар сақтайтын заң нормаларының
жиынтығы ретінде өзіне қоғамдық пікір, сән-салтанат, жоғары
білім, еркін бәсекелестік, жеке меншік, несие сияқты құбылыстарды
да жатқызады. Сонымен, институционализм – бұл адамдардың

экономикалықтан басқа, әлеуметтік, мәдени, саяси, адамгершіліктік,

құқықтық құндылықтарын зерттейтін ерекше бағыт.

           24

⇐ МАЗМҰНЫ
   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29