Page 25 - index
P. 25

Институционализм теориясынан негізгі екі бағыт тарайды:
неоинституционализм және қоғамдық таңдау теориясы.

   Неоинституционализм бағыты меншік құқығының экономикалық
теориясы деп аталады. Негізін салушы болып американдық экономист,
Нобель сыйлығының лауреаты Рональд Коуз (1911 жылы туылған)
табылады. Бұл бағыт трансакциондық шығындар теориясына аса
мән бере отырып, нарықтық қатынастарды дамытудағы меншік
құқығының жаңа рөлін қалыптастырды және өндірісті нарықтық
тұрғыдан тиімді үйлестірудің шығындарын анықтауды алға тартты.

   Қоғамдық таңдау теориясы экономикалық және саяси құбылыс­
тардың өзара байланысын зерттейді. Американдық экономистер,
Нобель сыйлығының лауреаттары Джеймс Бьюкенен (1919 жылы
туылған) мен Кэннет Эрроу (1921 жылы туылған) осы теорияның
негізін қалаушылар болып табылады. Қоғамдық таңдау теориясы
саясат қызметін экономикалық талдауды ұсынады. Саясат саласы
ерекше нарық ретінде қарастырылады, бұл жерде саясат басындағы
қоғамдық лауазымды тұлғалар жеке индивидтер мен фирмалар сияқты
өздерінің жеке пайдасын басшылыққа ала отырып маңызды шешімдер
қабылдайды. Сонымен қатар, атқарушы және заң шығарушы билік
органдары басқару шешімдерін қабылдай отырып, әл-ауқаттылықты
арттыруға тырысады.

   Соңында, экономикалық ғылымның әртүрлі бағыттары мен
ілімдеріне және олардың ерекшеліктеріне қарай отырып, біз қазіргі
экономикалық теорияның жай ғана заңдар мен нормалардың
қалыптасқан жиыны емес екенін, оның әртүрлі экономикалық
жүйелерді зерттеуде туындайтын сұрақтарға жауап бере алатын танып
білудің икемді және үнемі жетілдіріліп отыратын құралы ретінде
түсіне аламыз.

1.4. Экономикалық теорияның құрылымы және атқаратын
                                 қызметтері

   Экономикалық теория шеңберінде экономикалық талдаудың негізгі
екі деңгейі ажыратылады және осы арқылы экономикалық теория
ғылымы екі бөлімге бөлінеді:

   1. Микроэкономика – бұл шектеулі ресурстар мәселесін
жекелеген экономикалық агенттердің (үй шаруашылығы, фирмалар,
т.б.) нарықтағы тәртіптері мен мінез-құлықтары тұрғысынан
зерттейтін экономикалық теорияның бір саласы. Микроэкономикада

           25

⇐ МАЗМҰНЫ
   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30