Page 27 - index
P. 27

Кез келген ғылым сияқты экономикалық теория бірнеше
қызметтерді атқарады. Экономикалық теорияның экономикалық
ғылымдар жүйесіндегі рөлін ескере отырып, оның төмендегідей
қызметтерін бөліп көрсетуге болады.

   Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері:
   1. Танымдық қызметі – экономикалық заңдарды, құбылыстарды
зерттеу және түсіндіру. Бұл қызметі арқылы экономикалық теория
экономикадағы нақты құбылыстарды зерттей отырып, экономикалық
үдерістер туралы жалпы ғылыми мағлұматтар беріп отырады.
   2. Практикалық қызметі – іс жүзінде зерттелген объектілерді
қолданып, экономикалық саясаттың негізін жасау.
   3. Болжамдық қызметі – экономикалық дамудың жалпы ғылыми
болжамын жасау.
   4. Дүниетанымдық қызметі – ғылыми тұрғыда қоғам өміріне
қажетті экономикалық көзқарастар жүйесін құру.
   5. Әдіснамалық қызметі – барлық экономикалық ғылымдар үшін
теориялық және әдіснамалық негіз жасау.
   6. Сыншыл қызметі – әртүрлі экономикалық теориялардың
артықшылықтары мен кемшіліктерін ашып көрсету.
   Сонымен, экономикалық теория ғылымының адамға, оның
қажеттілігі мен мүддесіне, олардың шектеулі ресурстар жағдайында
тиімді шешім қабылдау мәселелеріне ерекше көңіл бөлетіндігіне
көз жеткіздік. Экономикалық теория ғылымы адамдарды ең жақсы
жағынан өмір сүруге ынталандырады және осы үшін тиімді
экономикалық саясатты жүргізуді қарастырады. Жалпы экономикалық
теория шаруашылық жүргізудің барлық түрлерін, қағидаларын,
ережелерін, заңдылықтарын және ресурстарды тиімді пайдаланудың
тиімді бағыттарын қалыптастырады.

                                Әдебиеттер тізімі

1.	 ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы: «Қазақстан
   жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», 2014 ж. 17 қаңтар.

2.	 ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы:
   «Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа
   саяси бағыты», 2012 ж. 14 желтоқсан.

3.	 ҚР-ның Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы:
   «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының
   басты бағыты», 2012 ж. 28 қаңтар.

4.	 Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Шеденов Ө. Қ., Сағындықов
   Е. Н., Жүнісов Б. А., Байжомартов Ү. С., Комягин Б. И.. /Жалпы

           27

⇐ МАЗМҰНЫ
   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32