Page 31 - index
P. 31

е) – байлықты ақшамен байланыстыратын ғылым; Е. Маржинализм

ж) – ақша факторлары басты рөл ойнайтын Ж. Жалпы экономикалық

экономиканы тұрақтандыру теориясы;      ғылымдар

з) қоғамның экономикалық өмірінің аса жалпы З. Материалдық емес өндіріс
және маңызды жақтарын сипаттайтын логикалық
түсініктер;

и) – жекеден жалпыға қарай ой қорытындылаудың И. Өндірістік қатынастар
беталысы;

к) – экономикалық құбылыстар мен үдерістерді К. Экономикалық заңдар
ғылыми дәлелдеуге бағытталған ғылым;

қ) – нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің Қ. Жеке экономикалық

теориялық негіздемесі;                  ғылым­дар

л) – адамның табиғатқа оны өзгерту мақсатында Л. Экономика
ықпал ету үдерісі;

м) – материалдық емес сипаттағы қызметтерді М. Монетаризм
ұсыну мақсатында рухани құндылықтарды жасау
үдерісі;

н) – экономикалық басқарудың салалық ерек­ Н. Методология
шеліктері мен қызметтерін зерттейтін ғылым;

ң) – өз зерттеулерінде негізінен шекті шамаларды Ң. Интерэкономика
қолданатын теория.

   2) Мына тұжырымдамалардың қайсысы микроэкономикаға
және макроэкономикаға жататындығын анықтаңыздар:

   а) үкімет бағаларды реттеу саясатын жүзеге асырады;
   ә) ұзақ уақыт бойы құрғақшылықтың салдарынан Қазақстанның
орталық аймақтарында егін шықпай қалды;
   б) Қазақстанда минималды жалақы деңгейі 20 000 теңгені құрайды;
   в) бюджет тапшылығын жою инфляцияны төмендетудің бір жолы
болып табылады;
   г) салықтарды төмендету елдегі іскерлік белсенділіктің жандануы­
на мүмкіндік береді;
   ғ) шәкіртақының мөлшері студенттің жанұясының орташа
табысына немесе студенттің жеке табысына тәуелді болып келеді;
   д) ұлттық ақша бірлігінің айналымға жіберілуі және оның
айналымдылығы сыртқы экономикалық қызметті ырықтандырудың,
экономиканың ашықтылық дәрежесінің элементі болып табылады.

                                    31

⇐ МАЗМҰНЫ
   26   27   28   29   30   31   32   33   34   35   36