Page 30 - index
P. 30

Студенттің өзіндік жұмыстары

   Мақсаты: тақырыптың негізгі талқылау сұрақтарын мәселелік
тұрғыдан қарастыру үшін ұсынылатын әдебиеттерді игеру, сонымен
қатар, тақырыпты толық меңгеріп бекіту үшін экономикалық
теорияның негізгі талдау ерекшеліктерін төмендегідей ұсынылатын
тапсырмаларды орындау арқылы қол жеткізу.

   1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік жасау (глоссарий).
   2. Тақырып бойынша логикалық сызбалар құрастыру.
   3. Мәнжазба, эссе, баяндама тақырыптары:
   Мен экономикалық теорияны не үшін оқимын?
   Экономикалық теорияның ғылым болып қалыптасуындағы қазақ
экономикалық ой-пікірлерінің рөлі мен орны;
   Қазіргі экономикалық теорияны оқудың жеке адам үшін маңызы;
   Қазіргі экономикалық теорияны оқудың бизнес үшін маңызы;
   Экономикалық теорияның экономикалық саясатпен байланысы.
   4. Мына сұрақтарға жауап беріңіз (конспект):
   1) Экономикалық теориядағы адам мәселесі.
   2) Экономика ғылымы бойынша Нобель сыйлығы және оның
лауреаттары.
   3) Қазіргі экономиканың негізгі элементтері.
   5. Жаттығулар:
   1) Мына ұғымдардың сәйкес анықтамаларын табыңыз:

а) – елдің шаруашылығын зерттейтін ғылымдардың А. Экономикалық экспери­

жиынтығы;                                мент

ә) – экономикалық үдерістер мен заңдардың мәнін Ә. Экономикалық категория
ашатын ғылымдар;

б) – әлемдік шаруашылықтың пайда болуы мен Б. Еңбек
даму заңдылықтарын сипаттайтын ғылым;

в) – тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, В. Кейнстік теория
айырбастау және тұтыну үдерісінде туындайтын
қатынастар;

г) – экономикалық үдерістер мен құбылыстарға Г. Меркантилизм
қатысты объективтік, себеп-салдарлық байланыс­
тар мен өзара тәуелділіктер;

ғ) – экономикалық әрекеттердің тиімділігін тексеру Ғ. Позитивті экономикалық
мақсатында экономикалық салада ғылыми негізде теория
жүргізілетін тәжірибе;

д) – зерттеу әдістері туралы ғылым;      Д. Индукция

                                     30

⇐ МАЗМҰНЫ
   25   26   27   28   29   30   31   32   33   34   35