Page 332 - index
P. 332

беру, дискуссия, сұрақ-жауап, т.б. ұйымдастыру әдістері арқылы
жүргізілуі тиіс.

   Мақсаты: экономикалық теорияның халықаралық аспектілерін,
мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатын зерттеу, сонымен қатар,
Қазақстанның әлемдік экономикадағы қазіргі орны мен рөліне баға
беру. Ол үшін тәжірибе сабағында тақырып бойынша мынадай
сұрақтардың мәнін ашу керек:

   15.1. Халықаралық сауда және оның негізгі теориялары;
   15.2. Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты;
   15.3. Төлем балансы және валюта бағамы;
   15.4. Қазақстанның әлемдік экономикадағы қазіргі орны мен рөлі;
   15.5. Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі.

                      Студенттің өзіндік жұмыстары

   Мақсаты: тақырыптың негізгі талқылау сұрақтарын мәселелік
тұрғыдан қарастыру үшін ұсынылатын әдебиеттерді игеру, сонымен
қатар, тақырыпты толық меңгеріп бекіту үшін төмендегідей
ұсынылатын тапсырмаларды орындау.

   1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік жасау (глоссарий).
   2. Тақырып бойынша логикалық сызбалар құрастыру.
   3. Мәнжазба, эссе, баяндама тақырыптары:
   Қазақстанның ұлттық экономикалық қауіпсіздігі;
   Жаһандану және халықаралық экономикалық интеграция;
   Қазақстанда ашық экономиканы қалыптастырудың негізгі
мәселелері;
   Арнайы экономикалық аймақтар;
   Қазақстанның экспорттық әлеуеті;
   Қазақстанның төлем балансы және қазіргі сыртқы экономикалық
қызметі.
   4. Мына сұрақтарға жауап беріңіз (конспект):
   1) Қазақстанның қазіргі экспорттық құрылымы.
   2) Қазақстанның қазіргі импорттық құрылымы.

   5. Тест тапсырмалары:
1.	 Еркін сауданың (фритредерство) артықшылықтарына не

    жатады?
    А) Еркін бәсекелестік
    В) Өндіріс тиімділігінің артуы

           332

⇐ МАЗМҰНЫ
   327   328   329   330   331   332   333   334   335   336   337