Page 327 - index
P. 327

– сәйкес көліктік және энергетикалық инфрақұрылымның бар
болуы;

   – біліктілігі жоғары маман кадрлардың және ғылыми-техникалық
жетістіктердің бар болуын жатқызады. Жалпы өңдеуші өнеркәсіп және
машина жасау экспортында әлсіз жақтарды тудыратын факторларға:

   – өндірісті ұйымдастырудың тиімсіз технологияларына және
әдістеріне ие болуы, оның ресурсты көп қажет ететіндігі, ал бұл
өнеркәсіп өнімін әлемдік нарықтарда бәсекеге қабілетсіз етеді;

   – негізгі қорлардың өте жоғары дәрежеде тозуы және оларды
жаңартудың шектеулі мүмкіндіктері;

   – алдыңғы қатарлы озық индустрияны дамыту бойынша нақты
мемлекеттік бағдарламалардың болмауы;

   – өндірісті орналастырудың тиімсіздігі және жоғары көліктік
шығындар;

   – бизнес пен маркетингте тәжірибенің жетіспеушілігі, бірегей
инфрақұрылымның болмауы жатқызылады.

   Бірқатар сарапшылар Қазақстан экономикасының және оның
бәсекелік қабілеттілігінің әлемдік шаруашылықтағы қазіргі және
болашақтағы орнын анықтауға талпыныстар жасауда. Мұндай
болжамдық бағалаулар негізгі үш талапқа жауап беруі тиіс: елдің ішкі
мүмкіндіктерін нақты бағалай алудан; жалпы әлемдік үрдістерді нақты
бағалай алудан; қолданыстағы көрсеткіштер мемлекеттік реттеудің
объектісі бола алуы үшін ішкі мүмкіндіктерді бағалаудың әдістемесін
жеткілікті түрде анықтай алудан тұруы қажет.

   Қазіргі әлемде болып жатқан экономикалық дағдарысқа қарамаст­ ан,
сарапшылар 2030 жылдан 2050 жылға дейін әлемдік экономиканың
белсенді түрде өсуі байқалады деп болжайды. Мұндай экономикалық
өсу ең алдымен, жоғары технологиялы салалар мен қызметтер аясы
есебінен қол жеткізіледі және өндіруші мен өңдеуші өнеркәсіп,
құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларында өсу бәсеңсиді және
олардағы жұмысбастылық қысқарады деген пікірлер көп айтылады.

   Мұндай құбылыстар бір топ дамыған елдер үшін қазірдің өзінде
шынайылыққа айналып отыр. Дамыған елдерде әлемдік халықтың
20%-ы тіршілік етеді. Қалған 80%-ы халқы бар дамушы мемлекет­
терде азық-түлікке, дәрі-дәрмекке, ұзақ пайдаланылатын заттарға,
машиналар мен құрал-жабдықтарға қажеттіліктерді қанағаттандыру
деңгейі төмен. Сәйкесінше, ұзақ мерзімді басымдықтарда өнімнің
осындай түрлерін жедел қарқынмен арттырудың әлеуетті мүмкіндік­тері
пайда болып отыр. Бірақ осындай мүмкіндіктерді іске асыру мәселесі

           327

⇐ МАЗМҰНЫ
   322   323   324   325   326   327   328   329   330   331   332