Page 328 - index
P. 328

әлі де болса дамыған елдер тұрғындарының төлем қабілеттілігі бар
сұраныстарына келіп тіреледі. Егер келешек уақыттарда дамушы
мемлекеттер өздерінің төлем қабілеттілігі бар сұраныстарын дамыған
елдерге қарағанда тез қарқынмен кеңейте алса, онда әлемдік деңгейде
өңдеуші өнеркәсіп пен құрылыс саласы жоғары технологиялар мен
қызметтер көрсету салаларының өсу қарқынынан қалмайтын болады.

   Қазір БРИКС деп аталатын ұйымға мүше, өте тез қарқынмен
дамып келе жатқан Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік
Африка Республикасы сияқты бес мемлекеттің жиынтық ЖІӨ көлемі
2050 жылға қарай АҚШ, Германия, Англия, Франция, Италия, Канада
және Жапония сияқты «Үлкен жетілік» елдерінің ЖІӨ көлемінен
асып түсетін болады. 2050 жылға қарай болжамға сүйенетін болсақ,
ЖІӨ көлемі бойынша елдер былайша жайғасатын болады: 1) Қытай;
2) АҚШ; 3) Үндістан; 4) Жапония; 5-6) Ресей және (немесе) Бразилия.

   Қазақстан Республикасы болса өзінің ұлттық бәсекелік қабілет­
тілігін әріқарай нығайта беретін болады және үдемелі құрылымдық
алға жылжулар мен инфрақұрылымдық қайта құрулар негізінде
экономикалық тиімділікті көтеруге бағытталған саналы іс-шараларды
жүзеге асыра отырып, бәсекелік күрес жағдайында әлемдік
экономикада өзінің лайықты орнын табатын болады.

15.5. Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына
                         кіру мәселесі

   Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) бастапқыда Екінші дүние­
жүзілік соғыстан кейін тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісім
(ГАТТ)7ұйымы ретінде құрылып, кейіннен 1995 жылы өз атауын
осылай өзгерткен. Қазір ДСҰ-ның құрамында 153 мемлекет мүше
болып саналады. ДСҰ-ға мүше-елдердің үлесіне әлемдік жиынтық
сауда айналымының 95%-ы тиесілі.

   ДСҰ өзін оған мүше-елдер арасындағы өзара сауда-экономикалық
қарым-қатынастарды ұйымдастыру, кеңестер мен келіссөздер жүргізу
арқылы ерікті түрде сауда-саттық рұқсаттарын беру үшін қажетті
халықаралық форум ретінде жұмыс істейтін ұйым деп таниды.
ДСҰ-ға мүше-елдер өзара сауда тарифтерін және импорттық кеден
баждарын қысқартуға, тауарлар мен қызметтерді саудалау бойынша
операцияларды жүзеге асыру кезінде тарифтік емес шектеулерді

7 GATT – General Agreement on Tariffs and Trade.	

           328

⇐ МАЗМҰНЫ
   323   324   325   326   327   328   329   330   331   332   333