Page 64 - index
P. 64

-	 бәсекелестіктің күшеюі;
   -	 қаржылық тұрақтылық;
   -	 капитал нарығының дамуы;
   -	 әлеуметтік бағдарламалар;
   -	 тікелей шетел инвестицияларын тарту.
   3. Шетелдік инвесторлар үшін пайдалы болуы:
   -	 жаңа нарықтар;
   -	 тәуекелдің төмендеуі;
   -	 нарыққа кірудегі ең төменгі тосқауылдардың болуы;
   -	 тұтынушылар үшін пайдалылығы.
   Жекешелендірудің түрлері:
   1. Кіші жекешелендіру – жұмысшылар саны 200 адамға дейінгі
мемлекеттік меншіктің шағын объектілерін жекешелендіру.
   2. Жаппай жекешелендіру – жұмысшылар саны 200 адамнан
асатын орта кәсіпорындарды жекешелендіру. Басқаша, бұл купондық
жекешелендіру деп аталады.
   3. Жеке жобалар жекешелендіру – жұмысшылар саны 5000
адамнан асатын ірі және стратегиялық маңызы бар мемлекеттік
меншік объектілерін жекешелендіру.
   4. Жекеше жекешелендіру – мемлекеттік меншік объектілерін
жекелеген бөліктерге бөліп жекешелендіру.
   5. Қарапайым кездейсоқ жекешелендіру – мемлекет тарапынан
бақылау орын алмайтын жекешелендірудің түрі.
   Әлемдік тәжірибеде жекешелендірудің алғашқы үш түрі аса кең
тараған деп жиі айтылады.
   Жекешелендірудің әдістері:
   1. Аукциондар, бұлар конкурстар жариялау арқылы қандай да
бір мүлікті сату және сатып алу тәсілдерін қарастырады. Бұл жерде
үміткерлер қатысатын ашық сауда коммерциялық конкурс арқылы
жүргізіледі. Коммерциялық конкурс – максималды бағасы ұсынылып,
сатып алушы қойылған шартты толық орындауға келіскен жағдайда
мемлекеттік меншік объектілерін сату.
   2. Акцияларды сату, яғни кәсіпорын капиталындағы үлестерді
сату. Бұл жерде тендерлер жарияланып, үміткерлер қатысатын жабық
сауда инвестициялық конкурс арқылы жүргізіледі. Инвестициялық
конкурс – коммерциялық конкурсқа ұқсас, бірақ жеңіс өлшемдері
жекешелендіру объектісінің инвестиция мерзімі мен мөлшері болып
табылатын сауда-саттық.

   3. Жалға берілген кәсіпорындардың мүлкін сатып алу.

Бұл жерде кәсіпорындарды сату аукциондар арқылы ашық сауда

           64

⇐ МАЗМҰНЫ
   59   60   61   62   63   64   65   66   67   68   69