Page 83 - index
P. 83

Тәжірибе сабағының жоспары:

   Тәжірибе сабағын «дөңгелек үстел» түрінде өткізу жоспарланған,
тақырыптың негізгі теориялық сұрақтарын пікірталас, ауызша жауап
беру, дискуссия, сұрақ-жауап, т.б. ұйымдастыру әдістері арқылы
жүргізілуі тиіс.

   Мақсаты: тауар-ақша қатынастарының пайда болуын талқылап,
тауар және ақша ұғымдарын жеке-жеке қарастыру. Ол үшін тәжірибе
сабағында тақырып бойынша мынадай сұрақтардың мәнін ашу керек:

   4.1.	 Нарықтық шаруашылықтың негізгі белгілері. Натуралды және
          тауарлы шаруашылық;

   4.2.	 Тауар: мәні, қасиеттері, формалары, әртүрлі теориялары;
   4.3.	 Ақша: мәні, болу тарихы, түрлері, қызметтері, әртүрлі

          теориялары.

                      Студенттің өзіндік жұмыстары

   Мақсаты: тақырыптың негізгі талқылау сұрақтарын мәселелік
тұрғыдан қарастыру үшін ұсынылатын әдебиеттерді игеру, сонымен
қатар, тақырыпты толық меңгеріп бекіту үшін төмендегідей
ұсынылатын тапсырмаларды орындау.

   1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік жасау (глоссарий).
   2. Тақырып бойынша логикалық сызбалар құрастыру.
   3. Мәнжазба, эссе, баяндама тақырыптары:
   Тауар-ақша қатынастарының Қазақстанда қалыптасуы мен дамуы;
   Ақшаның шығуы мен пайда болу тарихы;
   Қазіргі электрондық ақшалар жүйесі.
   4. Мына сұрақтарға жауап беріңіз (конспект):
   1) Қызмет көрсету ерекше экономикалық игілік ретінде.
   2) Еңбек құнының теориясы.

   5. Жаттығулар:
   1) Сіздің қолыңызда 1 млн. долларға тең қолма-қол ақша бар,
ал сіздің досыңызда құны 1 млн. долларға бағаланатын қаланың
сыртында үйі бар. Кімнің мүлігі аса жоғары өтімділікке ие болып
табылады? Аса жоғары өтімді әдіспен мүлікті сақтау әрқашанда
ұтымды болып табыла ала ма?
   2) Мына көрсетілген жағдайлар ақшаның қандай қызметтерін
орындайды:
   а) банктегі Сіздің депозитіңіз;

           83

⇐ МАЗМҰНЫ
   78   79   80   81   82   83   84   85   86   87   88