Page 197 - indexf
P. 197

тор арасына бағыттаушы белдеуше (3) орналасады да, оның шеткі төлкелеріне

бағыттаушы арқандарды (7) жүргізеді. Сонан кейін бұрғылау құбырларын

жалғап, тізбекті тақтаға дейін түсіреді және тізбек тақтаға отырғаннан кейін,

түсіру телескопы компенсатордың таңдалған жарты жүрісіне дейін жалғасады.
     Телекамераның көмегі арқылы тіректі-бағыттаушы негіздің тік жағдайы

тексеріледі. Жобаланған тереңдікке дейін тізбекті түсіріп, сағаға дейін цемент-
теп, бұрғылау тізбегін көтереді және ажыратады (8.11-сурет).

     Теңіз табанында орнықсыз жұмсақ жыныстар кездескенде, тіректі-
бағыттаушы негіз жынысқа тақтасыз орнатылады. Әдетте, тіректі-бағыттаушы
негізді оның, сфералы тірегінің көмегімен тіректі тақта конусына орнатады. Бұл
жағдай теңіз табаны тегіс болғанда, негізді көлденең ұсап тұруды қамтамасыз
етеді. Бұрғылау кезінде тіректі-бағыттаушы негіз фонтандық арматураны және
атқылауға қарсы қолданадын жабдықты қондыруды, ұңғыманы суасты сағасымен
пайдалануды қамтамасыз ететін, орталандыру базасы ретінде қолданылады.
Негізді суасты сағасына түсіру алдында раманың әр бұрышына, бағыттаушы
арқандарды өткізу үшін төрт тірек пісіріледі. Әр тіректе, арқандарды өткізуге
арналған бойлық тесіктер бар. Олар алынатын қабықшамен жабылады.

     Тіректі-бағыттаушы негізді қондыру және бекіту жұмыстары аяқталғаннан
кейін, өту диаметрі 540 мм және жұмыс қысымы 21 МПа атқылауға қарсы
қолданылатын жабдық (3) (8.12-сурет) диаметрі 610 мм теңіз қадаушасын
монтаждауға, түсіруге және орнатуға кіріседі. Алдымен бас палубада көпірлі
кран арқылы уақытша сағалық ұшты орнатып, бекітеді, ал превенторлар блогына
– басқару коллекторын орналастырып бекітеді. Онан кейін, гидрожүйеге қысым
беру арқылы превенторлар блогынің төменгі муфтасын тумбадан ажыратады да,
кранмен (3) блокті бұрғылау шахтасына жақындатып, сағалық ұшқа орнатады.
Төменгі муфтаға атқылауға қарсы қолданылатын жабдықтың ұшы жалғанады
да, оның ұшына басқару шлангілері қосылады. Осыдан кейін, басқару коллек-
торы атқылауға қарсы қолданылатын жабдықтан ажыратылып, кемедегі сақтау
орнына қойылады. Кранмен атқылауға қарсы қолданылатын жабдықтың блогын
түсіру шахтасына ауыстырады, бағыттаушы арқандарды блоктің бағыттаушы
тіректерінен өткізіп, түсіру шахтасының тіректік балкаларына асу және орна-
ту арқылы, атқылауға қарсы қолданылатын жабдықтың блогын түсіреді. Бұдан
кейін, атқылауға қарсы қолданылатын жабдықтың блогыне қайтадан басқару
коллекторын орнатады, кранмен теңіз қадаушасының секциясын көтеріп,
оны атқылауға қарсы қолданылатын жабдықтың блогыне бекітеді де блоктегі
қаталаманы басқару коллекторымен жалғайды. Осыдан кейін дайындалған
роторға монтаждық спайлер орнатылады. Кранмен теңіз қадаушасының бөлімін
көтеріп, ротор арқылы спайдерге орнатады және оны арнайы кілтпен қосылыс
түйінінің ниппельдік (конустық) бөлігіне бекітеді. Одан кейін, бағыттаушы
арқанды тарту арқылы атқылауға қарсы қолданылатын жабдықтың жиынтығына
көтереді, шахты жармасын ашады және теңіз қадаушасының фланецін спай-
дер сыналарына асу жағдайында атқылауға қарсы қолданылатын жабдықтың
жиынтығын түсіреді. Теңіз қадаушасының фланеціне, оның тік бағыттан
ауытқуын анықтайтын акустикалық көрсеткіш индикаторы бекітіледі.

         197

МАЗМ¦НЫ
   192   193   194   195   196   197   198   199   200   201   202