Page 199 - indexf
P. 199

аралық тізбек орнын бұрғылауға кіріседі. Атқылауға қарсы қолданылатын
жабдықтың өту тесігінің диаметрі 311 мм қашауларды өткізуді қамтамасыз
етеді және атқылауға қарсы қолданылатын жабдықтар мен теңіз қадаушасы
арасындағы сақиналық саңылауды азайтып, жуу сұйығының көтерілу ағыс
жылдамдығын жоғарылатады.

     Екінші аралық тізбекті жобалық тереңдікке түсіріп цементтегеннен кейін,
сағалық үш тұрқынан диаметрі 340 мм қорғаныс төлкесін шығарып, бұрғылау
құбырларымен сынау аспабын түсіреді және оны диаметрі 245 мм асылатын
ұштың (3) конустық ұясына отырғызады, бір превентордың қыстырмаларын жа-
бады және басу желісі арқылы сынау сұйығын айдайды. Егер қысым төмендесе
тығыздауыш құрылғыны 2 бұрап қатайтады немесе ауыстырады. Сонан кейін
қайтадан диаметрі 340 мм қорғаныс төлкесін түсіріп, диаметрі 173 мм тізбек
(жасырын құбырлар) орнын бұрғылауға кіріседі. Жасырын құбырлар тізбегін
түсіріп цементтегеннен кейін, 168 мм (146 мм немесе 127 мм) пайдалану тізбек
орнын бұрғылауға кіріседі.

     Пайдалану тізбегін түсіріп, цементтегеннен кейін теңіз қадаушасы мен пре-
венторлар блогын ажыратады. Онан кейін бұрғылау құбырларымен қаптаждық
құрылғы түсіріледі және оны сағалық ұшқа орнатады. Бағыттаушы арқандарға,
арқандардың шеттерін бағыттаушы тіректермен байланыстыратын, штифттер
кесілгенше тарту күші беріледі. Арқандарды көтеріп, палубаға бекітеді. Ұңғыма
құрылысы аяқталғаннан кейін, оған ұңғыма номері көрсетілген, тану белгілері

бар буйлар (қалытқылар) орнатылады.

               8.5 Бағыттаушы арқансыз суасты саға жабдықтары

     Теңіздегі терең мұнайжәне газ кеніштерін игеру, суасты саға жабдықтары кон-
струкцияларын жетілдіруді және олардың жаңа түйіндерін жасауды, әсіресе теңіз
қадаушаларын жетілдіруге мәжбүр етті. Мысал ретінде Камерон фирмасының
бағыттаушы арқансыз суасты саға жабдықтары 8.10-суретте көрсетілген.
Жүйеде бағыттаушы негіз (15), превенторлар және жоғары цангалық қосылыс
муфта блоктарының (10) конструкциясы, оларды сонарлы келтіру жүйесімен /
оның ішінде сонар, телекамера, индикаторлы биіктік өлшегіш және жоғарыға
орнатылған есептеу құрылғысы бар/ қолдануға мүмкіндік береді.

     Превенторлар блогы құрамына төменгі цангалық қосылыс муфта (13),
қыстырмалы первенторлар (17) және гидравликалық басқару жүйесіндегі басу
және штуцерлік желілерін қосуға арналған қабылдау төлкесі бар қабылдағыш
тақта кіреді. Бұл желілер жоғарыдан, алыстан басқарылатын қабылдау төлкелері
бар қауіпсіз клапандармен жабдықталған.

     Қабылдаушы түйіннің құрамына: төменгі қадауша түйіні, превентор (20),
шар тәрізді қосылыс (9), қадаушаның қосқыш бөлшектері және оның вертлюгті
телескоптық, 3600 айналуды қамтамасыз ететін түйіні (18) кіреді.

         199

МАЗМ¦НЫ
   194   195   196   197   198   199   200   201   202   203   204