Page 201 - indexf
P. 201

басқаратын панельді қондырғы (24), гидравликалық шлангінің апаттық лебед-
касы (23), жұмыстық сұйықты айдауға арналған қосымша желі (22) тұрақты
орнатылған.

     Суасты саға жабдықтарын монтаждау, теңіз түбіне тірек тақтасын,
бағыттаушы негізді (15) немесе тірек тақтасымен бағыттаушы негізді біріктіріп
түсіруден босатады. Түсірер алдында тірек тақтасына, шеттеріне сонар
шағылдырғыштары орнатылған, қайырмалы кронштейндер (16) бекітіледі. Бұл
кронштейндер шахта арқылы өту кезінде жинақы түрде болып, өткеннен кейін
ашылады.

     Тірек тақтасымен бағыттаушы негізді орнатып болғаннан кейін, ұңғыманы
762 мм фудаменттік тізбек орнын диаметрі 914 мм қашамен бұрғылауға кіріседі.
Фундаменттік тізбекті түсіріп оның төменгі шетін теңіз табанымен қосады және
тізбекті сағаға дейін цементтейді. Онан кейін диаметрі 508 мм немесе 476 мм
тізбек үшін қазады, тізбекті оның соңғы секциясына 425 мм сағалық жалғап
түсіреді. Тізбек түсірілгеннен кейін сағалық ұш автоматты түрде алдыңғы 762
мм фудаменттік тізбектің сағалық ұшына тұйықталады да тізбек цементтеледі.
Онан кейін превенторлар блогын түсіреді.

     Бұл жұмыстар кезінде түсірілуші жабдықтың төменгі бөлігінде орналасқан
сонар (1) (8.11-сурет) мен телекамера, теңіз табанында орнатылған бағыттаушы
негіздің қайырмалы кронштейндеріндегі шағылдырғыштарға (2) сигналдар
жіберіледі.

8.11-сурет. Бұрғылау аспабын тірек тақтасына енгізу үлгісі
                  1 – сонар; 2 – шағылдырғыштар

     Бұрғылау кемесінің басқару бөлмесіндегі телекамералар, түсірілуші түйінді
экранда бейнелеуге мүмкіндік береді.

     Түсірілуші түйіннің төменгі бөлігіндегі бағыттаушы воронка (конус) (14)
(8.10-сурет) түйннің бағыттаушы негізбен бірігуіне көмектеседі.

     Сонар мен телекамерадан алынған біріккен мәліметтер тиянақты бірігуді
100 мм шамаға дейін қамтамасыз етеді. Бұдан соң цангалы гидравликалық

         201

МАЗМ¦НЫ
   196   197   198   199   200   201   202   203   204   205   206