Page 164 - indexf
P. 164

Үлгілеудің нәтижелерін МАТLАВ-та моделдеуді бейнелеу үшін
Simulink кітапханасының Sinks бөлімі қолданылады. Sinks бөлімі
келесі блоктардан тұрады:

    ◦◦ Scope – уақыттық тәуелділіктерді бақылауға арналған осцил-
лоскоп.

    ◦◦ Display – мониторға шығаруға арналған құрылғы.
    ◦◦ Stop Simulink – симуляцияны тоқтату.
    Бақылау мен тіркеудің осы немесе басқада құралдарын Sinks
батырмасын басу арқылы қолдануға болады.
    Әрине кез келген жүйенің кірісіне кейбір кіріс сигналдары
және басқа да әсерлер Sours бөлімінен алынып берілуі мүмкін.
Осы бөлімдегі Step блок – сатылы сигналды және Sine Wave блок
– гормоникалық сигналды сапалы сипаттамаларды зерттеу үшін
қолданады. Бірінші блок уақыттық сипаттамаларды зерттеу үшін
қолданылады, ал екінші блок – жиіліктік сипаттамаларды зерттеу
үшін қолданылады.
    Зерттеліп жатқан жүйенің (құрылымдық сұлбаға сәйкес) үлгі-
сін жасап шығару үшін қажетті блоктарды кітапханадан файлдың
жұмыс терезесіне ауыстыру керек. Бізге беріліс функциясымен

W (s) = 1 (мұндағы күш коэффициенті k=1, уақыт тұрақтысы

         0.2s + 1

Т=0.2с.) берілген апериодтық түйіннің өтпелі функциясын зерттеу
керек болсын.

    Өтпелі сипаттаманы (уақыттық) алу үшін түйіннің кірісіне бір-
лік сигнал беріледі.

    Сигнал көздері бөлімінің блоктарының шақырылуы Sours ба-
тырмасына басу арқылы бірнеше блоктарды аламыз, олардың іші-
нен Step блогын таңдап, оны пайда болған бағдарламаны жұмыс
үстеліне апарамыз. Тышқанның оң жақ батырмасымен осы блокка
басып, сатылы сигналдың баптамасының терезесін ашамыз және
бірлік сигнал үшін Step Time-1 қоямыз.

    Сосын жұмыс үстеліне қойылатын Trancfer Fcn блогының кө-
мегімен динамикалық апериодтық түйіннің үлгісін таңдаймыз.
Алдымыздағы блокта қаралғандай қажетті көрсеткіштерді орнату
үшін баптау терезесі ашылады. Баптау терезесіндегі күшейтудің
коэффициенті Numerator жолына енгізіледі, ал Denominator жолына
[0.21] (4.Қ1-сурет) түрінде болатын бөлгіштің коэффициенті енгізі-
леді.

⇐ МАЗМҰНЫ  164
   159   160   161   162   163   164   165   166   167   168   169