Page 161 - indexf
P. 161

Simulink кітапханасы (1.Қ1-сурет) визуалды нысандардың жиын-
тығынан тұрады, оларды қолдана отырып АБЖ зерттеп, үлгісін
жасауға болады. Simulink кітапханасының барлық бөлімі көрсет-
кіштерді баптау мүмкіндігіне ие. Баптау көрсеткіштері берілген
бөлімді баптаудың терезесінде бөлек панельмен бейнеленеді. Баптау
терезесінің панеліндегі Help батырмасы бөлім жөніндегі және оны
баптаудың көрсеткіштерінің нақты ақпараттарын ашады.

    МАТLАВ бағдарламасы іске қосылғаннан кейін 1.Қ1-суретте
көрсетілгендей терезе ашылады.

    Simulink жұмысын, (Windows ортасындағы) суретте көрсетіл-
ген Simulink белгісін шертіп бастауға болады, содан кейін кітапхана
терезесінің File менюінен Model таңдаймыз. Құралған файл бірден
Untntled деп атала бастайды. Save командасы арқылы сақтағаннан
кезде берілген үлгіге .mdl кеңейтуімен жаңа атау беріп, қажетті
жерде сақтауға болады.

    Simulink кітапханасының браузерін ашқан кезде, арнайы таға-
йындалған басқа да кітапханаларды ашу мүмкіндігі пайда болады.
Біз қарастырып жатқан Simulink кітапханасы бірнеше бөлімдерге
бөлінген (2.Қ1-сурет). Кейбір бөлімдері болашақта жиі қолданыла-
тын болады, олар:

    •• Үздіксіз жүйелердің элементтері – Continuous.
    •• Математикалық операциялар – Math Operations.
    •• Тіркеу құралдары – Sinks.
    •• Сигнал көздері – Sours.
    Таңдалған бөлімнің мазмұны оң жақ бөлігінде пайда болады.
Әрбір бөлім бірнеше блоктардан тұрады. Төменде АБЖ үлгілеу
үшін кейбір бөлімдердің блоктарын қолданылуы қарастырылады.
Мысал ретінде 3.Қ1-суретте Continuous (Үздіксіз жүйелер) бөлімі-
нің блоктарының түрлері көрсетілген.

    Үздіксіз блоктардың ішіндегі өте кең қолданылатындарға келесі
блоктар жатады:

    •• Дифференциалдаушы буын – Derivative.
    •• Интегралдаушы буын – Integrator.
    •• Күй теңдеулерінде берілген сызықтық жүйе – State Space.
    •• Беріліс функциясының динамикалық буыны – Trancfer Fcn.
    •• Өзінің нөлдерімен және полюстарымен берілген сызықты

аналогты жүйе – Zero-Pole.

⇐ МАЗМҰНЫ  161
   156   157   158   159   160   161   162   163   164   165   166