Page 166 - indexf
P. 166

сол жақ батырмасын басып ұстап тұрып (курсор «х» пішініне ие
болғанға дейін) курсорды Trancfer Fcn блогының кіріс портына
апарамыз және тышқан курсоры қалың Х-пішініне келгенше ұстап
тұрамыз; Осыдан кейін тышқанның батырмасы жіберіледі. Осы
кезде бағытталған байланыстырғыш сызығы құрылады. Осы түрде
Trancfer Fcn блогының шығыс портын Scope блогының кірісімен
байланыстырамыз.

    Нәтижесінде апериодтық буынның уақыттық сипаттамаларын
зерттеуге арналған үлгі құрылады (5.Қ1-сурет).

5.Қ1-сурет. Апериодтық буынды зерттеуге арналған үлгі

    Үлгілеуді бастамас бұрын тышқанның көмегімен Scope блогын
екі рет шертіп осциллоскоп терезесін ашамыз. Simulation мәзірінен
Start опциясын таңдаймыз. Осы уақытта үлгілеу үрдісі басталады
және экранда өтпелі функцияның графигінің суреті пайда болады
(6.Қ1-сурет).

    Буынның көрсеткіштерін, яғни күшейту уақыты мен тұрақты
уақыттын өзгертіп қисық жүріс сипатының өзгерістерін бақылауға
болады.

⇐ МАЗМҰНЫ  166
   161   162   163   164   165   166   167   168   169   170   171