Page 87 - indexf
P. 87

ліктерін ғана келтірейік. Кешігуші буынның өтпелі функциясы кү-
шейткіш буындардың өтпелі функциясына ұқсас, ерекшелігі абс-
цисса осі бойынша t шамаға ығысуының болуында. Жиіліктік және
амплитудалық сипаттамалары бойынша да күшейткіш буындарға
ұқсас. Тек фазалы сипаттамаларында ғана өзгешелік бар. Кешігуші
буын фаза бойынша теріс ығысуды туындатады, оның өзі кіріс сиг-
налдың жиілігіне сызықты тәуелді болады.

    Қорыта айтқанда, күшейткіш, апериодты, тербелмелі, кешігуші
буындар статикалық, ал интегралдаушы және дифференциалдаушы
буындар астатикалық болатынын ескерген жөн.

    Сонымен қатар, типтік буындарды анализ жасағанда АБЖ бөлік-
терге бөлуге болатын немесе керісінше солар бойынша синтездеуде
берілген сипаттамалармен АБЖ құрайтын “кірпіш” болып келетінін
де ескеру қажет. Мұнда төменде қарастырылған АБЖ құрылымдық
сұлбасы маңызды рөл атқарады.

                    4.7. АБЖ құрылымдық сұлбалары

    АБЖ моделдеуші аспаптарының бірі құрылымдық сұлба тү-
рінде ұсынылатын математикалық және компьютерлік моделдер,
функционалдық сұлбалар негізінде құрылған графикалық модель-
дер болып келеді. Құрылымдық сұлба дегеніміз, жүйе қандай
динамикалық буындардан тұратынын және олар өзара қалай бай-
ланысқанын көрсететін АБЖ графикалық моделін айтады.

    Құрылымдық сұлбалардың элементтері 4.4-кестеде көрсетілген
әдеттегі белгілеулерге ие.

    Нақты өнеркәсіптік автоматты басқару жүйелерінде элементтер-
дің өзара бір бірімен қосылысы күрделі болып келеді. Бірақ, кез кел-
ген күрделі жүйені үш түрлі қосылыстың бірімен жеке блоктарға бө-
ліп тастауға болады: тізбекті, параллельді келісілген немесе қарсы
параллельді. Осы қосылыстарды жеке-жеке қарастырайық.

№ Элементтер                                             4.4-кесте
п/п атауы     Құрылымдық сұлбадағы элементтердің

 ⇐ МАЗМҰНЫ                    белгіленулері

                       87
   82   83   84   85   86   87   88   89   90   91   92