Page 83 - indexf
P. 83

.
             4.17-сурет. Интегралдаушы буынның импульсті

                               өтпелі сипаттамасы

    Сонымен қатар, интегралдаушы буындармен сипатталынатын
нысандар өздігінен теңесу қасиетіне ие емес, яғни орнықсыз екенін
ескеру қажет.

           4.5. Дифференциалдаушы буын

Дифференциалдаушы буын интегралдаушы буындар сияқты

АБЖ астатикалық объектілер класына жатады.

Дифференциалдаушы буын келесі түрдегі дифференциалдық

теңдеумен бейнеленеді:  y = k du
                               dt
                                            (4.21)

мұндағы, k − пропорционалдылық коэффициенті. Бұл жағдайда,
кіріс және шығыс шамалары бір өлшемде болса, онда k уақыт өл-
шемі деп алынады және дифференциалдаушы буынның тұрақты
уақыты деп аталады да Т-деп белгіленеді.

    (4.21) теңдеуінен дифференциалдаушы буынның беріліс функ-
циясын мына түрде алу қиын емес:

                        W (s) = ks.         (4.22)

    Дифференциалдаушы буынның тұрақты кіріс әсерлерге әсері
болмайды. Бірақ, бірлік секіріс сигналды беру кезінде осындай
буынның өтпелі сипаттамасы (4.18-сурет) дельта функциясының

импульсі түрінде, яғни u = 1(t) кезінде, y = h(t) = k ⋅δ (t) болады.

⇐ МАЗМҰНЫ               83
   78   79   80   81   82   83   84   85   86   87   88