Page 5 - index
P. 5

КІРІСПЕ

   “Теориялық жəне қолданбалы механика” іс жүзіндегі құрылымдардың,
машиналардың жəне робототехника жүйелерінің (элементтерінің) тағы басқа
объектілердің қозғалыстарын жəне кернелген күйлерін теориялық механикада
анықталған заңдылықтарға сүйене отырып зерттейтін – механиканың бірнеше са-
ласынан тұратын, əмбебап пəн болып табылады. Онымен қоса, бұл пəнде жоба-
лау теориясы мен машиналар жасау технологиясы да қарастырылады.

   Аталған пəнді ойдағыдай меңгеру үшін студенттерге математиканы (жоғары
математика, есептеуші механика), қатты дененің физикасын жəне инженерлік
графика мен сызба геометрияның кейбір бөлiмдерiн оқығанда алған білімдерінің
жиынтығы қажет. Сонымен қатар, бұл пəннен алған білім инженерлік пəндерге
жататын «Салалық зауыттардың қондырғылары», «Жылу техникасы», «Тамақ
өндірісі мен аппараттары» жəне т.б. пəндерге негіз болып саналады.

   «Теориялық жəне қолданбалы механика» пəнiнің маңызды ерекшеліктерінің
бірі – инженерлiк құрылмалардың негізгі есептерін шешуге практикалық
бейімділігі. Бұл пəнді оқу – студенттердің өз бетімен элементтердiң есеп-
теу нұсқаларын құруды (таңдап алуды немесе тағайындауды), оған сай
келетін математикалық аппараттарды қолдануды, алынған нəтижелерді талдау
кезеңдерінде (этаптарында) ойлау жүйелерін дамытуды қамтамасыз етеді. Пəнді
оқытудың нəтижесі – күш əсер етушi денелердiң тепе-теңдiгiн зерттей оты-
рып, нақты инженерлік есептерді шеше білу болып табылады. Құрылмаларды
(конструкцияларды) пайдалану барысында, олардың қалыпты түрде жұмыс
істеуі үшін оның барлық элементтерінің беріктік, қатаңдық, орнықтылық жəне
сенімділік шарттарын қанағаттандыруы жеткілікті деп есептеледi. Ол үшін
құрылмалардың ең тиімді деген өлшемдерін есептеп табу қажет, себебі олардың
геометриялық өлшемдерiн өсіру арқылы берiктiк шарттарын қамтамасыз ету,
материалдарды орынсыз жұмсауға жəне құрылмалардың салмағын арттыруға
əкеліп соқтырады.

   Машиналардың жəне механизмдердің элементтері сыртқы күштердің əсерінен
қирамай немесе олардың өлшемдері мен пішіндері белгiлi бiр шамадан артық
өзгермейтіндей болып, сенімді жұмыс атқаратындай етіп жобалануы жəне да-
йындалуы керек. Сонымен:

   1) “Теориялық жəне қолданбалы механика” пəнi – күш əсерiндегi материялық
денелердiң қозғалыстарын ескере отырып, құрылма бөлшектерін беріктікке
есептеудiң негізін құратын ғылымдардың бiрi болып табылады. Машиналардың
жəне механизмдердің элементтерi, машина бөлшектері өздеріне əсер ететін
жүктемелерге төтеп беруі үшін сəйкес материалдардан дайындалулары тиіс жəне
олардың геометриялық өлшемдері жеткiлiктi болу керек. Ал бұл элементтер мен
бөлшектердің өлшемдері есептеу арқылы анықталады.

   2) «Теориялық жəне қолданбалы механика» – машиналардың жəне
механизмдердің элементтерін (өлшемдері мен пішіндерін өзгертпей, тепе-
теңдіктің белгілі алғашқы түрін бұзбай) беріктікке, қатаңдыққа, орнықтылыққа
жəне сенімділікке есептейтін инженерлік əдістер туралы ғылым.

                                                     3
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10