Page 6 - index
P. 6

«Теориялық жəне қолданбалы механика» пəнi механиканың төрт саласынан
тұратыны жоғарыда айтылған, яғни:

   1-сала. Теориялық механика;
   2-сала. Механизмдер жəне машиналар теориясы;
   3-сала. Құрылымдардың (конструкциялардың) типтік элементтерінің жұмыс
істеуінің басты қабілеттері бойынша есептеудің негіздері (Материалдар кедергісі);
   4-сала. Машиналардың типті элементтерін құрылымдауды жəне сенімді пай-
далануды есептеудің ерекшеліктері (Машина бөлшектері).

   1. Теориялық механикада қатты денелер шартты түрде абсолютті қатты деп
қарастырылады, яғни өздеріне түсіп тұрған күштердің əсерінен олардың пішіндері
мүлде өзгермейді. (Бірақ барлық қатты денелердің өздеріне түсіп тұрған күштер
əсерінен деформацияланатыны тəжірибеден белгілі).

   2. Механизмдер жəне машиналар теориясы – механизмдер мен машиналардың
кинематикасын, динамикасын зерттейтін, сонымен қоса оларды құрудың жəне
механизмдер мен машиналарды жобалаудың ғылыми негіздері болып табылатын
жалпы əдістемелік ғылыми пəн.

   Механизмдер жəне машиналар теориясы саласында қарастырылатын
мəселелер:

   - механизмдерді талдау, яғни қозғалыстарды жүйелеп баяндау, тəжірибеде
пайдаланылып жүрген немесе жаңадан жасалмақ механизмдерді талдау;

   - механизмдер синтезі, яғни берілген кинематикалық жəне динамикалық
сипаттамалардың негізінде, жобаланып отырған механизмдердің құрылымдарын,
олардың геометриясын тағайындау;

   - жекеленген механизмдердің қимыл бірліктері жəне машиналардың үйлесімді
(оптимум) өнімділігі, дəлдігі жəне сенімділігі шарттарының негізінде, автоматтық
машиналардың сүлбелерін (схемаларын) құру мəселелерін қарастыратын автомат-
машиналардың теориясының мақсаттары.

   3. Құрылмалардың типтік элементтерінің жұмыс істеуінің негізгі қабілеттеріне
сəйкес есептеудің негіздері саласында – құрылмалардың элементтеріне əсер
ететін əртүрлі жүктемелер қарастырылады; құрылмалардың əртүрлі элементтері
бір осьті созылу мен сығылу, бұралу мен иілу кезiнде беріктікке есептеледi.

   Қатты денелердің ең негізгі қасиеттерінiң бiрi – сыртқы күштер əсерінен де-
формациялануы болып табылады. Сонымен қатар дене бөліктерінің салыстыр-
малы орналасуларының өзгермеуіне қарсы тұратын қабілеті болады. Бұл оның
деформациялануына қарсы тұратын жəне олардың бөліктерін деформацияға
дейінгі орнына қайтаруға “тырысатын” дененің ішінде пайда болатын күштерден
көрінеді. Бұл күштер ішкі күштер немесе серпімді күштер деп аталады.
Қатты дененің, сыртқы күштің əсерін алып тастағаннан кейін, пайда болған
деформациясының толық жойылуын серпімділік деп атайды. Ішкі серпімділікті
бағалайтын өлшем кернеу деп, яғни ішкі күштердің қарқындылығы деп атала-
ды. Бұл деформациялардың түрлері үшін ішкі күштер анықталады жəне олардың
эпюрлері тұрғызылады. Ішкі күштердің қарқындылығын біле отырып, нақты
жағдайдағы инженерлік есептеулердің əдістемелерімен сəйкес келетін беріктікке
бағалаудың бірыңғай əдістемесін тұжырымдауға болады. Бұл пəнде толығымен

                                                      4
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11