Page 418 - indexf
P. 418

418  Қазақша-орысша политехникалық түсіндірме сөздік

              Автор

    Түсіпов Амангелді – Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы
Абай атындағы орта мектепті медальға бітіріп, Санкт-Петербург архитектура
және құрылыс академиясында (1960-1965 жж.) жоғары білім алған.

                       1965-1976 жж.

    Қарағанды техникалық университетінде ассистент, аға оқытушы, «Мате-
риалдар кедергісі» кафедрасының доценті;

                       1976-1988 жж.

    Тараз мемлекеттік университетінде «Материалдар кедергісі» кафедрасының
меңгерушісі; Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ мемлекеттік техникалық университетінің
«Материалдар кедергісі» кафедрасының доценті (1988-1993 жж.) болып қызмет
істеген.

                       1993-2004 жж.

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары
аттестациялық комитетінде бөлім бастығы, Басқарма бастығының орынбасары
қызметтерін атқарған

    Техника ғылымдарының кандидаты (1973 ж.), «Материалдар кедергісі» ка-
федрасы бойынша доцент (1975 ж.), «Жаратылыс ғылымдары академиясының»
академигі (1998 ж.). «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті
қызметкері» (2003 ж.);

    Қырықтан аса ғылыми-педагогикалық еңбектердің, олардың ішінде
4 оқулықтың, 3 есептер жинағының, 3 авторлық куәліктердің және
сертификаттардың авторы.

    «Қажырлы еңбегі үшін» медалімен (1970 ж.) және КСРО Жоғары білім беру
саласындағы еңбегі үшін «Еңбектегі зор табысы үшін» белгісімен (1981 ж.)
марапатталған.

    2013 жылы «Жоғары білім жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі үшін
және жоғары оқу орындарна оқулықтар жазудағы көп жылдық еңбегі үшін
А. Байтұрсынов атындағы алтын медальмен» марапатталған.

     МАЗМ¦НЫ
   413   414   415   416   417   418   419   420