Page 106 - index
P. 106

5.1.	 Нарық: мәні, элементтері, жіктелімдері, қызметтері,
      принциптері;

5.2.	 Инфрақұрылым және нарықтық инфрақұрылым;
5.3.	 Сұраныс: мәні, заңы, факторлары, қисығы;
5.4.	 Ұсыныс: мәні, заңы, факторлары, қисығы;
5.5.	 Нарықтық тепе-теңдік: тепе-теңдік баға, тепе-теңдік көлем,

      тапшылық, артықшылық;
5.6.	 Икемділік: мәні, көрсеткіштері, түрлері.

           Студенттің өзіндік жұмыстары

   Мақсаты: тақырыптың негізгі талқылау сұрақтарын мәселелік
тұрғыдан қарастыру үшін ұсынылатын әдебиеттерді игеру, сонымен
қатар, тақырыпты толық меңгеріп бекіту үшін төмендегідей
ұсынылатын тапсырмаларды орындау.

   1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік жасау (глоссарий).
   2. Тақырып бойынша логикалық сызбалар құрастыру.
   3. Мәнжазба, эссе, баяндама тақырыптары:
   Қазақстандағы нарықтық қатынастардың даму кезеңдері;
   Қазақстанда инфрақұрылым түрлерінің қазіргі даму жағдайы;
   Нарықтық тепе-теңдіктің негізгі үлгілері;
   Тұтынушының таңдауы және оған әсер ететін факторлар;
   Пайдалылық және шекті пайдалылық теориясы;
   Икемділіктің тәжірибелік маңызы.
   4. Мына сұрақтарға жауап беріңіз (конспект):
   1) Нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктері.
   2) Қазақстандағы нарықтық қатынастардың даму кезеңдері мен
бағыттары.

   5. Жаттығулар мен есептер:
   1) Етке деген сұраныс функциясы келесідей көрсетілген:
   QD = 30-P, мұнда QD – күніне сатып алынатын етке деген сұраныс
көлемі (кг). ал Р – 1 кг. еттің бағасы. Ұсыныс функциясы келесі
теңдеумен берілген: QS = 15+2P, мұнда QS – күніне сатылатын еттің
ұсыныс көлемі (кг).
   Табу керек:
   а) Еттің тепе-теңдік көлемі мен тепе-теңдік бағасын. График
арқылы көрсетіңіз.
   ә) Егер еттің бағасы 3 теңгеге дейін төмендесе, онда ет нарығында
қандай жағдай орын алады?

           106

⇐ МАЗМҰНЫ
   101   102   103   104   105   106   107   108   109   110   111