Page 101 - index
P. 101

мәні 1-ден төмен болады, ЕPD<1 (бұл сұраныс көлемінің бағаға
қарағанда баяу өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді).

   3) Бірлік икемді сұраныс – бағаның және сұраныс көлемінің бір
пропорцияда өзгеруін көрсететін жағдай, бұл жерде икемділіктің мәні
1-ге тең болады, ЕPD =1 (бұл бағаның қанша пайызға өзгерсе, сұраныс
көлемінің де сонша пайызға өзгеретіндігін білдіреді).

   4) Абсолютті (өте) икемді сұраныс – бағаның өте аз өзгеруіне
немесе мүлдем өзгермеуіне орай сұраныс көлемінің шексіз өзгеруін
көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні шексіздікке ұмтылады,
EPD =∞.

   5) Абсолютті (өте) икемсіз сұраныс – бағаның өзгеруі сұраныс
көлемін мүлдем өзгерпейтінін немесе салыстырмалы өте аз
өзгертетінін көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні нөлге тең
болады, EPD = 0. Өте икемді және өте икемсіз сұраныстың түрлерін
икемділіктің ең шеткі немесе сирек кездесетін жағдайлары деп атайды.

   2. Сұраныстың қиылысқан (тоғыспалы) икемділігі – бір
тауардың бағасының (Х) пайыздық өзгеруіне байланысты сол
тауарды алмастыратын немесе толықтыратын екінші бір тауарға
(Y) деген сұраныс көлемінің пайыздық өзгеру дәрежесін көрсететін
коэффициент. Бұл икемділіктің коэффициенті мына формуламен
беріледі:

                       ED        =  ∆Qy%  /  DРx%,
                            x,y

мұндағы,  ED        –  сұраныстың   қиылысқан       икемділігінің  мәнін
               x,y
көрсететін коэффициент; ∆Qy% – Y тауарына деген сұраныс көлемінің
салыстырмалы өзгеруі; ∆Рx% – X тауары бағасының салыстырмалы
өзгеруі.

   Егер қиылысқан икемділіктің мәні (EDx,y >0) 0-ден үлкен немесе
оң сан болса, онда бұл қарастырылып отырған X және Y тауарлары –

бірін-бірі алмастырушы (субститут) тауарлар болып саналады (егерде,
кофенің бағасы өсетін болса, онда оны алмастыратын шайға деген
сұраныс артады). Егер қиылысқан икемділіктің мәні (EDx,y <0) 0-ден
кіші немесе теріс сан болса, онда бұл қарастырылып отырған X және

Y тауарлары – бірін-бірі толықтырушы (комплемент) тауарлар болып

саналады (егер фотопленкаға баға өссе, онда оны толықтыратын

фотоаппаратқа сұраныс көлемі төмендейді). Ал егер қиылысқан
икемділіктің мәні (EDx,y=0) 0-ге тең болса, онда бұл қарастырылып
отырған X және Y тауарлары өзара тәуелсіз тауарлар деп саналады,

яғни бұл екі тауардың арасында ешқандай байланыс жоқ деген

                                    101

⇐ МАЗМҰНЫ
   96   97   98   99   100   101   102   103   104   105   106