Page 103 - index
P. 103

жақын алмастырушылар болып табылады, яғни табыс өскенде
тұтынушылар оның сапалы алмастырушыларын тұтына бастайды
деген сөз. Сонымен, табыстың өзгеруіне байланысты осы аталған
тауарларға деген сұраныс икемділіктерінің мәндерін график арқылы
көрсете аламыз.

   Ұсынысқа әсер ететін басты фактор баға болғандықтан, бұл
жерде ұсыныстың бағалық икемділігі деген түрі қарастырылады.
Ұсыныстың баға бойынша икемділігі – тауар бағасының бір
пайызға өзгеруіне байланысты ұсыныс көлемінің салыстырмалы түр­­
де қанша пайызға өзгеретінін және соған орай сезімталдық реакция­
сын көрсететін сандық коэффициент. Ұсыныстың бағаға икемділігін­ ің
көрсеткіштік мәні мына формуламен беріледі:

                                         ESP = DQ% / DP%,

мұндағы, ESP – ұсыныстың бағалық икемділігінің мәнін көрсететін
коэффициент; ∆Q% – ұсыныс көлемінің салыстырмалы өзгеруі; ∆Р% –
тауар бағасының салыстырмалы өзгеруі.

   Ұсыныстың баға бойынша икемділігінің де сұраныстікіндей негізгі
5 түрі бар:

   1) икемді ұсыныс – бағаның өзгеруіне қарағанда ұсыныс
көлемінің көбірек өзгеруін көрсететін жағдай (бұл ұсыныс көлемінің
бағаға қарағанда тез өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді), бұл
икемділіктің коэффициенті бірден жоғары (ESP>1);

   2) икемсіз ұсыныс – бағаның өзгеруіне қарағанда ұсыныс
көлемінің азырақ өзгеруін көрсететін жағдай (бұл ұсыныс көлемінің
бағаға қарағанда баяу өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді), бұл
икемділіктің коэффициенті бірден төмен (ESP<1);

   3) бірлік икемді ұсыныс – бағаның да, ұсыныс көлемінің де бір
пропорцияда немесе бірдей пайызға өзгеретінін көрсететін жағдай
(бұл бағаның қанша пайызға өзгерсе, ұсыныс көлемінің де сонша
пайызға өзгеретіндігін білдіреді), бұл икемділіктің коэффициенті
1- ге тең (ESP=1);

   4) абсолютті (өте) икемді ұсыныс – бағаның өте аз немесе мүлдем
өзгермеуіне байланысты ұсыныс көлемінің шексіз өзгеруін көрсететін
жағдай, мұнда икемділіктің мәні шексіздікке ұмтылады, EPS = ∞;

   5) абсолютті (өте) икемсіз ұсыныс – бағаның өзгеруі ұсыныс
көлемін мүлдем өзгерпейтінін немесе салыстырмалы өте аз
өзгертетінін көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні нөлге тең
болады, EPS = 0.

           103

⇐ МАЗМҰНЫ
   98   99   100   101   102   103   104   105   106   107   108