Page 152 - index
P. 152

В)	Фирма – бұл қызметінің барлық жақтарын қамтамасыз ететін
        келісімдерді жасау үшін барлық құқықтарға ие болатын
        ұжымдық сипаттағы шаруашылық бірлік

    С)	Фирма – бұл тауарлар мен қызметтерді әрі қарай сату
        мақсатында оны өндіру бойынша өндірістік үдерістерді жүзеге
        асыратын ұйымдық экономикалық қызмет

    D)	Фирма – бұл нарыққа жаңа тауар шығарумен айналысатын
        ұйым

    Е)	Фирма – бұл кешенді маркетинг арқылы нарықта тауарлар мен
        қызметтерді өткізумен айналысатын ұйым

2.	 Бизнесті ұйымдастырудың негізгі формаларын көрсетіңіз:
    A)	Нарық, өндіріс B) Фабрика, зауыт, кәсіпорын
    C)	Жеке кәсіпкерлік, серіктестік, корпорация
    D)	Бәсекелестік, биржа E) Монополия және монопсония

3.	 Пайда табу мақсатында өзінің жауапкершілігіне және
    тәуекелділігіне жұмыс істейтін нарық қатынастарының
    өзіндік субъектісі деп кімді айтады?
    А) Кредиторды В) Делдалшыны С) Менеджерді
    D) Кәсіпкерді Е) Жалданған жұмысшыны

4.	 Мыналардың қайсысы негізгі капиталдың құрамына кіреді?
    А) Машиналар мен құрал-жабдықтар В) Дайын өнім С) Жалақы
    D) Жанар-жағар май Е) Шикізаттар мен материалдар

5.	 Негізгі капиталдың моральдік тозуы немен анықталады?
    А) Машиналар мен жабдықтардың қолданылу ұзақтылығымен
    В) ҒТП-нің жоғарғы қарқынымен
    С) Атмосфералық жағдайлардың әсер етуімен
    D) Өндірістік технологияның ерекшеліктерімен
    Е) Материалдардың өзінде орын алатын ішкі үдерістермен

6.	 Қандай капиталға негізгі және айналмалы болып бөліну
    қасиеті тән?
    А) Ақшалай В) Тауарлық С) Өндірістік
    D) Өндірістік емес Е) Тұрақты

7.	 Кәсіпкерліктің табысты түрде жүзеге асырылуына әсер ететін
    факторлар:
    А) Мемлекеттік заңдылықтарды сақтау
    В) Кәсіпкердің жауапкершілігі мен белсенділігі
    С) Қажетті бастапқы капиталдың болуы
    D) Кәсіпкердің тәуекелге бара алу қабілеті мен мүмкіндігі
    Е) Осы аталған факторлардың барлығы әсер етеді

           152

⇐ МАЗМҰНЫ
   147   148   149   150   151   152   153   154   155   156   157