Page 155 - index
P. 155

22. Ірі бизнестің кемшілігі қандай?
    А) Капиталды тартудың шексіз мүмкіндігі
    В) Өндіріс ауқымының тиімділігі
    С) Қаржыландырудың жұмылдырылуы
    D) Басқарудағы бюрократиялық әрекеттердің орын алуы
    Е) Арзан өнімдерді өндіру

23. Шешім қабылдау жауапкершілігі кімге артылады?
   А) Кәсіпкерге В) Бухгалтерге С) Мемлекетке
   D) Салық инспекциясына Е) Қоғамдық ұйымдарға

24. Кәсіпкерлік дегеніміз – бұл:
    А) Меншік дегенді білдіреді
    В) Тәуекелділікпен байланысты іс-әрекеттер
    С) Өндіріс факторларын өзара жұмылдыратын, жаңашылдық пен
        тәуекелділікті қажет ететін қызмет түрі
    D) Болжамсыз қызмет
    Е) Кез келген бизнестің түрі

25. Серіктестіктер қалай құрылады?
    А)	Өндірістің көлемін бір кәсіпорынның шеңберінде шоғыр­
        ландыру арқылы
    В)	Кәсіпорынның иемдену және басқару шешімдері туралы екі
        немесе одан да көп адамдар өзара келіскенде
    С)	Бағалы қағаздарды шығарумен байланысты фирмалардың
        бірігуі жолымен
    D)	Қаржылық қызметтерін ортақтастыру арқылы
    Е)	Жеке тұлғалар мен мемлекет арасындағы тұрақты байланыстар
        орнату арқылы

26. Төмендегі қайсысы капитал формуласы болып табылады?
    A) Т-А-Т B) А-Т-А’ C) А-А D) Т-Т E) А-Т

27.	Тәуекелге барып жаңа технологияны пайдалануға мамандан­
    ған ғылыми-зерттеу ұйымдары – бұл:
    А) Франчайзингтік шағын фирмалар В) Венчурлік фирмалар
    С) Новаторлар D) Инновациялық кәсіпорындар
    Е) Консалгтингтік фирмалар

28. Мыналардың қайсысы негізгі капиталға жатады:
    А) Бағалы қағаздар В) Еңбекақы С) Шикізаттар
    D) Станоктар Е) Аралық өнімдер

29.	Негізгі капиталдың тозуына байланысты бөлінетін қаржылық
    қор:
    А) Таза инвестиция

           155

⇐ МАЗМҰНЫ
   150   151   152   153   154   155   156   157   158   159   160