Page 147 - index
P. 147

Инвестицияның тиімділігін анықтау үшін өндіріске салынған күрделі
қаржыны күтілетін нәтижемен салыстыру қажет.

7.4. Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуы

   Шағын және орта кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы. Қазақстан
Республикасы статистика Агенттігінің (ҚРСА) мәліметтері бойынша
шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) субъектілерінің ЖІӨ-ге қосқан
үлесі 2013 жылы 19%-ға жетті. Бұл төмен көрсеткіш болып табылады.
Сондықтан мемлекет 2020 жылға ШОК-ң ЖІӨ-гі үлесін шамамен
40%-ға дейін арттыру міндетін айқындап отыр. Дамыған елдермен
салыстырғанда (мәселен, Германияда – 57%, Ұлыбританияда –
52%, АҚШ-та – 52%, Францияда – 50%) отандық ШОК-ң ЖІӨ-гі
үлесінің тым төмен болуы сол үлестің үлкен бөлігін ірі бизнестің
жасайтындығымен (мұнай-газ және тау-кен секторларында қамтылған
7% ірі бизнес ЖІӨ-нің 75%-дан астамын өндіреді) түсіндіріледі.
Бұл жағдай отандық бизнес құрылымының көп бөлігінің шикізат
салаларында шоғырланғандығын айғақтайды.

   ҚРСА деректеріне сүйенсек, 2013 жылдың 1 шілдесіне сәйкес
тіркелген ШОК субъектілерінің саны 1  493  044 бірлікті құрады,
соның ішінде, шағын бизнестің кәсіпорындары – 239 931 (16%), жеке
кәсіпкерлер – 1 061 464 (71%) және шаруа (фермерлік) қожалықтары –
191 649 (13%) болды.

   Республика бойынша 2013 жылдың 1 тамызына сәйкес, ШОК-те
жұмыспен қамтылғандардың саны 2 582 278 адамды құрады, соның
ішінде, шағын бизнестің заңды тұлғалары 601 141 адам, орта бизнестің
заңды тұлғалары 696 241 адам, жеке кәсіпкерлер 931 793 адам,
шаруа қожалықтары 353 103 адам болды. Ал экономикалық белсенді
халықтан (8 774 638 адам) ШОК-те қамтылғандардың үлесі 30,4%-ды
құрады. Сонымен қатар, осы уақыт аралығында ШОК субъектілерінің
шығарған өнім көлемі 4 849 869 млн. теңгеге жетті.

   Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштері.
Дүниежүзілік банктің Doing Business рейтингісінде елдің бизнес-
ахуалы 2008 жылы 64 орынды, 2009 жылы 63 орынды, 2010 жылы
58 орынды, 2011 жылы 47 орынды иеленді. Бұдан басқа, Қазақстан
2010 жылы кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін қолайлы жағдайлар
жасауда ең жақсы нәтижелерге жету бойынша 10 елдің ішінен
1-орынға шықты.

   Doing Business рейтингісінде 2011 жылы бизнесті ашу, меншікті

тіркеу, инвесторларды қорғау, салық салу, келісімдерді орындау және

           147

⇐ МАЗМҰНЫ
   142   143   144   145   146   147   148   149   150   151   152