Page 151 - index
P. 151

Студенттің өзіндік жұмыстары

   Мақсаты: тақырыптың негізгі талқылау сұрақтарын мәселелік
тұрғыдан қарастыру үшін ұсынылатын әдебиеттерді игеру, сонымен
қатар тақырыпты толық меңгеріп бекіту үшін төмендегідей
ұсынылатын тапсырмаларды орындау.

   1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік жасау (глоссарий).
   2. Тақырып бойынша логикалық сызбалар құрастыру.
   3. Мәнжазба, эссе, баяндама тақырыптары:
   Фирма теориясы және оның үлгілері;
   Қазақстандағы шағын және орта бизнестің қазіргі жағдайы мен
дамуы;
   Инвестиция және оның түрлері;
   Инновация және оның түрлері;
   Қазақстанда шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау
шаралары.
   4. Мына сұрақтарға жауап беріңіз (конспект):
   1) Франчайзинг және венчурлік бизнес.
   2) Кәсіпкерлік тәуекел және оның түрлері.

   5. Есептер:
   1. Акционерлік қоғамның (АҚ) инвестициялық қоржынында
келесі акциялар бар. А серіктестігінде – 3 акция, В серіктестігінде –
2 акция және С серіктестігінде – 5 акция бар, бәрі бірдей курстық
құндылықта. Инвестициялық қоржынның құны қалай өзгереді, егер
А серіктестігінде акция курсы 18%-ға, В серіктестігінде – 16%-ға
көбейсе және С серіктестігінде – 15%-ға төмендесе?
   2. Фирманың иесі құны 1 млн. теңге тұратын станок сатып алуға
шешім қабылдады. Өнімді өткізу шығыны 800 мың теңгені құрғанда,
сатудан түскен түсім 2 млн. теңгеге жетеді. Анықтау керек:
   1) жоба бойынша күтілетін таза пайданы;
   2) күтілетін таза пайда мөлшерін;
   3) несиеге станок сатып алудағы несие ставкасын:
   а) 15% және ә) 25% алуды қажетті немесе қажетті еместігін.

   6. Тест тапсырмалары:
1.	 Фирманың толық анықтамасы:

    А)	Фирма – бұл нарыққа бір немесе бірнеше тауарлар мен
        қызметтер ұсыну арқылы оның меншік иелеріне пайда әкелу
        мақсатында мекеменің біртұтас басқаруындағы ұйым

           151

⇐ МАЗМҰНЫ
   146   147   148   149   150   151   152   153   154   155   156