Page 169 - index
P. 169

8.3.	 Фирманың табыстары және оның түрлері;
   8.4.	 Пайда туралы теориялық көзқарастар. Фирманың пайдасын

          барынша арттыру мәселесі.

                      Студенттің өзіндік жұмыстары

   Мақсаты: тақырыптың негізгі талқылау сұрақтарын мәселелік
тұрғыдан қарастыру үшін ұсынылатын әдебиеттерді игеру, сонымен
қатар тақырыпты толық меңгеріп бекіту үшін төмендегідей
ұсынылатын тапсырмаларды орындау.

   1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік жасау (глоссарий).
   2. Тақырып бойынша логикалық сызбалар құрастыру.
   3. Мәнжазба, эссе, баяндама тақырыптары:
   Трансакциондық шығындар және олардың түрлері;
   Фирма келісімдерінің теориясы.
   4. Мына сұрақтарға жауап беріңіз (конспект):
   1) Өнімділік және еңбек өнімділігі.
   2) Рентабельділік және оның түрлері.

   5. Есептер:
   1. Кәсіпкер тұрмыстық техниканы жөндеу бойынша шағын
фирманың иесі болып табылады. Ол өзіне бір көмекшіні жалдап оған
жылына 120 мың теңге төлейді, ғимаратты жалдағаны үшін жылына
5 мың теңге төлейді, ал шикізатты сатып алу оған жылына 50 мың
теңгеден келеді. Кәсіпкер басқа бір іспен айналысудан жылына 5
мың теңге көре алатын өзінің меншікті 50 мың теңге қаржысын
өндірістік құрал-жабдыққа салды. Оның бәсекелесі жылына 150 мың
теңге жалақысы бар жөндеу бойынша шебер болуға жұмыс орнын
ұсынды. Өзінің кәсіпкерлік қабілеттілігін ол жылына 10 мың теңге
деп бағалайды. Көрсетілген қызметтердің жиынтық жылдық табысы
500 мың теңгені құрайды. Фирманың бухгалтерлік және экономика­
лық пайдасын анықтаңыздар?

   2. Егер өндірілген өнім көлемі 100 дана, тұрақты шығындар 1000
теңге және өзгермелі шығындар 700 теңге болса, онда орташа жалпы
шығындар, орташа тұрақты шығындар, орташа өзгермелі шығындар
және өндірістің жалпы шығындары қаншаға тең болады?

   3. Айталық, еңбек сүт өндірісінде қолданылатын жалғыз ғана
өзгермелі фактор болып табылады. 1 тонна сүт өндіру үшін еңбектің 6
cағаты қажет. Еңбектің 1 сағаттық төлемақысы 100 теңгеге тең. 1 тонна

           169

⇐ МАЗМҰНЫ
   164   165   166   167   168   169   170   171   172   173   174