Page 164 - index
P. 164

Мұнда, TR (total revenue) – жалпы табыс;
   Р (price) – тауардың бағасы;
   Q (quant) – өнім көлемі.
   2. Орташа табыс – өнімнің бір бірлігін сатудан түскен түсім және
ол жалпы табыстың өнім көлеміне қатынасы ретінде анықталады:

                                   AR = TR / Q.

   Мұнда, AR (average revenue) – орташа табыс.
   3. Шекті табыс – өнімнің келесі бір бірлігін сатудан түскен
қосымша түсім және ол жалпы табыс өзгерісінің өнім көлемінің
өзгерісіне қатынасы ретінде анықталады:

                                MR = ∆ TR / ∆Q.

   Мұнда, МR (marginal revenue) – шекті табыс.
   Жетілген бәсеке жағдайында фирманың жалпы табысы өнім көлемі
өскен сайын арта береді. Ал орташа табыс пен шекті табыс бір-
біріне тең болады және олар жетілген бәсеке жағдайында өндірілген
өнімге деген сұраныспен анықталады. Жетілген бәсекеде біртекті
өнім шығаратын фирма нарықтағы қалыптасқан бағаға әсер ете
алмағандықтан оның орташа табысы мен шекті табысы тауардың
бағасына тең болады.
   Жетілмеген бәсеке жағдайында монополист, олигополист және
монополистік бәсекелес фирмалар нарықтағы қалыптасқан бағаға
әсер ете алғандықтан өнімнің бағасын шекті табыстан жоғары етіп
тағайындайды және сол арқылы үстеме пайда алу мүмкіндігіне ие
болады.

8.4. Пайда туралы теориялық көзқарастар. Фирманың
           пайдасын барынша арттыру мәселесі

   Пайда ұғымы фирманың нарық жағдайындағы экономикалық
тұрақтылығын қамтамасыз ететін және оның қаржылық тәуелсіздігіне
кепілдік беретін өте күрделі категория ретінде сипатталады. Пайда
не өндіру керек, қалай өндіру керек және қанша көлемде өндіру
керек деген экономиканың негізгі мәселелерін шешуге көмектеседі.
Сондықтанд өндірілген немесе сатылған тауарлар мен қызметтердің
көлемі қанша және олардың бағасы қандай болғанда пайда мейлінше
көп болады сұрақ фирмаларды ынталандырады.

   Экономикалық теорияның негізгі мектептері пайда туралы
теориялық көзқарастарын әртүрлі жеткізді.

           164

⇐ МАЗМҰНЫ
   159   160   161   162   163   164   165   166   167   168   169