Page 165 - index
P. 165

Меркантилизм бағыты пайданың қайнар көзін айналыс саласымен
және сыртқы сауда-саттықпен байланыстырады.

   Физиократтардың айтуы бойынша, пайда тек ауыл шаруашылығы
саласында жасалады. Мұнда табиғат күштерінің әсерінен тұтыну
құндары өндіріс шығындарынан әрдайым артып отырады делінеді.

   Классиктер А. Смит пен Д. Рикардо қосымша құн материалдық
өндіріс салаларында жасалады деп тұжырымдады. Мұнда капиталист
пайданы жалдамалы жұмыскер еңбегінің өнімінен алып отырады.

   Марксизм теориясы пайданы барлық бастапқы капитал тудырған
қосымша құнның өзгерген формасы деп санайды, ал қосымша құнның
қайнар көзі болып жалдамалы жұмыскерлердің еңбегі табылады.

   Пайданың экономикалық категория ретіндегі мәнін толық түсіну
үшін оның атқаратын қызметтеріне де тоқталып өтуіміз қажет. Пайда
негізгі екі қызметті атқарады:

   1. Бөліп-тарату қызметі – орындауға арналған бағдарламалар
мен стратегияларды қаржыландыру мақсатында ақшалай қаражат
қорларын құру, капиталдың оңтайлы құрылымын жасау және
банкротқа ұшырау қаупін мейлінше төмендету.

   2. Ынталандыру қызметі – өндіріс шығындарын барынша
төмендету, жаңалықтар мен инновацияларды енгізу, ғылыми-
техникалық прогресстің жетістіктерін өндірісте пайдалану.

   Сонымен, пайда дегеніміз – бұл тауардың нарықтық сату бағасы
мен оны өндіруге жұмсалған шығындардың айырмасы.

   Пайданың құру, бөлу, өзара әрекет ету және пайдалану факторлары
бар:

   1. Құру факторлары: 1) өнімдерді, тауарларды, жұмыстарды,
қызметтерді сатудан түскен түсім; 2) материалдық және материалдық
емес қорларды сатудан түскен түсім; 3) негізгі құралдарды сатудан
түскен түсім; 4) басқа әрекеттерге қатысудан келген табыстар; 5)
құнды қағаздардан келген табыстар; 6) айыппұлдар мен өсімпұлдар.

   2. Бөлу факторлары: 1) пайданың бюджетке және бюджеттен тыс
қорларға бағытталуы; 2) пайданың кәсіпорында қалуы; 3) пайданың
қарыздарды өтеу және пайыздарды төлеу үшін банкке бағытталуы;
4) пайданы бөлудің басқа да факторлары.

   3. Өзара әрекет ету факторлары: 1) бағалар, тарифтер, алымдар;
2) салықтар және салық мөлшерлемелері; 3) несиелік пайыз
мөлшерлемелері; 4) айналым құралдарының айналымы; 5) өнімнің
өзіндік құны; 6) еңбек өнімділігі; 7) қор қайтарымдылығы; 8) қормен
қарулану.

           165

⇐ МАЗМҰНЫ
   160   161   162   163   164   165   166   167   168   169   170