Page 166 - index
P. 166

4. Пайдалану факторлары: 1) жинақтау және қорлану (өндірісті
және ғылымды дамыту); 2) әлеуметтік мұқтаждықтар; 3) күрделі
қаржы салымдары; 4) тұтыну (дивиденд, материалдық көмек, т.б.);
5) басқа да шығындарды өтеу.

   Пайданың негізгі төрт түрі бар:
   1. Бухгалтерлік пайда – айқын шығындарды төлегеннен кейінгі
фирманың қарамағында қалған пайданың бір бөлігі. Бухгалтерлік
пайданы анықтау үшін сатудан түскен жалпы түсімнен бухгалтерлік
(айқын немесе сыртқы) шығындарды алып тастаймыз.
   2. Экономикалық пайда – сатудан түскен жалпы түсім мен
фирманың барлық шығындары (айқын және айқын емес) арасындағы
айырмашылықты білдіретін таза пайда шамасы.
   3. Қалыпты пайда – сатудан түскен жалпы түсім мен фирманың
жалпы шығындарының теңесуін білдіретін нөлдік пайда.
   4. Шекті пайда – өнімнің келесі бір бірлігін сатудан түскен
қосымша түсім мен шекті шығындар арасындағы айырмашылықты
білдіретін фирманың қосымша таза пайдасы.
   Фирманың пайдасын мейлінше арттырудың негізгі екі ережесі бар:
   Бірінші ереже: фирма жалпы табыс пен жалпы шығындарды
салыстырады. Егер сатудан түскен түсім мен жалпы шығындар
арасындағы айырмашылық көп болса, онда фирманың пайдасы
мейлінше артады.
   Екінші ереже: фирма шекті табыс пен шекті шығындарды
салыстырады. Бұл жерде үш жағдай қалыптасады:
   -	 егер фирманың шекті шығындары шекті табыстан артып кетсе,

       онда ол өнім өндіруді қысқартады;
   -	 егер фирманың шекті шығындары шекті табыстан кіші болса,

       онда ол өнім өндіруді арттырады;
   -	 егер фирманың шекті шығындары шекті табысқа тең болса, онда

       ол өнім өндірудің оңтайлы көлемін анықтап жалпы пайдасын
       максималды деңгейге жеткізеді:

                                     MR = MC.

   Бұл теңдік фирманың пайдасын мейлінше арттырудың маңызды
шарты болып табылады.

           166

⇐ МАЗМҰНЫ
   161   162   163   164   165   166   167   168   169   170   171