Page 175 - index
P. 175

35.	Пайданың тек ауыл шаруашылығы саласында жасала­
    тындығын қай мектеп айтты?
    А) Физиократтар.
    B) Меркантилизм.
    C) Классикалық саяси экономия.
    D) Неоклассикалық теория.
    E) Монетаризм.

36.	Пайданың ынталандырушылық қызметі:
    А)	Ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін өндірісте
        пайдалану.
    B)	Орындауға арналған бағдарламалар мен стратегияларды
        қаржыландыру.
    C)	Банкротқа ұшырау қаупін мейлінше төмендету.
    D)	Ақшалай қаражат қорларын құру.
    E)	Капиталдың оңтайлы құрылымын жасау.

37.	Келісім-шарттар жасаумен және келіссөздер жүргізумен
    байланысты шығындар – бұл қандай шығындар?
    А) Жалпы шығындар.
    B) Өзгермелі шығындар.
    C) Тұрақты шығындар.
    D) Трансакциондық шығындар.
    E) Экономикалық шығындар.

38.	Трансакциондық шығындардың түрлері:
    А) Ақпарат іздеу шығындары.
    B) Шикізат, отын-материалдар шығындары.
    C) Жал төлемдері шығындары.
    D) салықтық төлемдер.
    E) қайтарылмайтын шығындар.

39.	Салыстырмалы шығындар тұжырымдамасын енгізген кім?
    А) Адам Смит.
    B) Давид Рикардо.
    C) Джон кейнс.
    D) Уильям петти.
    E) карл маркс.

40. Транксакциондық шығындар теориясын кім енгізді?
    А) Р. Коуз.
    B) Д. Кейнс.
    C) Д. Рикардо.
    D) А. Смит.

    E) К. Маркс.

           175

⇐ МАЗМҰНЫ
   170   171   172   173   174   175   176   177   178   179   180