Page 176 - index
P. 176

9-тақырып

      Өндіріс факторларының нарықтары және
                         факторлық табыстар

   Мақсаты: өндіріс факторлары нарықтарын жеке-жеке қарастыра
отырып, әр ресурсқа тағайындалатын бағалардың, яғни жалақы, пайыз
және рента ерекшеліктерін кеңінен талқылау.

   Талқылау сұрақтары:

   9.1.	 Өндіріс факторларына деген сұраныс пен ұсыныс, оның
          ерекшеліктері;

   9.2.	 Еңбек нарығы және жалақы;
   9.3.	 Капитал нарығы және пайыз;
   9.4.	 Жер нарығы және рента.

   Негізгі ұғымдар: өндіріс факторларының нарықтары, туынды
сұраныс, факторлық табыстар, еңбек нарығы, еңбекке деген сұраныс,
еңбек ұсынысы, еңбек нарығындағы тепе-теңдік, жалақы, мерзімді
жалақы, кесімді жалақы, капитал, негізгі капитал, айналмалы капитал,
адам капиталы, тозу, капитал нарығындағы тепе-теңдік, пайыз, атаулы
пайыз мөлшерлемесі, нақты пайыз мөлшерлемесі, жер, жер нарығы,
рента, абсолютті рента, ерекшеленген рента, жердің бағасы, т.б.

9.1 Өндіріс факторларына деген сұраныс пен ұсыныс, оның
                               ерекшеліктері

   Экономикалық ресурстар өзінің қызметін өндірістік үдеріс
барысында іріленген түрінде негізгі өндіріс факторлары ретінде
атқарады. Оларға еңбек, капитал, жер және басқа да факторлар жатады.
Экономикалық қызметті бастайтын және пайда табу мақсатында
саналы іс-әрекетке баратын кәсіпкер белгілі бір өнімнің түрін өндіру
немесе қызмет көрсету үшін қажетті өндіріс факторларына сұраныс
білдіреді. Бұл жерде өндіріс факторларының нарығы қалыптасады.
Кәсіпкерлер мен тауар өндірушілер осы нарықтардың негізгі сатып
алушылары болып табылады, ал үй шаруашылықтары өндіріс
факторларының иелері ретінде сатушылар қызметін атқарады. Әр
өндіріс факторына сұраныс пен ұсыныс қалыптасып, ортақ тепе-
теңдік баға тағайындалып отырады. Әр өндірістік ресурс өзінің
иесіне факторлық табыс алып келе алатындай қасиетке ие болуы тиіс.

           176

⇐ МАЗМҰНЫ
   171   172   173   174   175   176   177   178   179   180   181