Page 179 - index
P. 179

қысқартады және керісінше, жалақының төменгі деңгейінде ол
жұмыскерлерді көбірек жалдауға ынталы болады.

   Еңбек ұсынысы – бұл үй шаруашылықтарының және жалдамалы
жұмысшылардың жалақының белгілі деңгейіне өздерінің еңбек
қызметтерін нарықта сата алуға дайындықтары.

   Еңбек ұсынысына да бірнеше факторлар әсер етеді:
   1. Елдегі демографиялық жағдайлар;
   2. Жұмыскерлердің жасы, жынысы және басқа да құрамы;
   3. Жұмыс күнінің орташа ұзақтылығы;
   4. Миграциялық үдерістер;
   5. Жұмыскерлердің кәсіби біліктілік деңгейі;
   6. Кәсіподақтар қозғалысы;
   7. Жалақыдан басқа табыс табудың басқа да мүмкіндіктері;
   8. Жұмыс орнын таңдаудағы еңбек жағдайының қолайлылығы.
   Еңбектің ұсыныс функциясы сұраныспен салыстырғанда ерекше
жағдайда қарастырылады. Еңбек ұсынының көлемі де жалақы
деңгейіне тәуелді және оның ұсыныс қисығы оң көлбеулі болып
табылады.

                              9.2-сурет. Еңбектің ұсыныс қисығы

   Еңбек нарығында сатушылар жалақы жоғарылағанда еңбектің
ұсынысын арттырады, ал жалақының төменгі деңгейінде еңбекті
қысқартуға мәжбүр болады. Алайда, жоғарыда атап өткеніміздей,
еңбек ұсынысында ерекше жағдай қызық қалыптасады. Бұл жерде
жеке индивидтің еңбек ұсынының қисығы кәдімгідей болмайды,
бастапқыда, жалақы өскенде ұсыныс ұлғаяды, енді жалақы одан әрі
ұлғайғанда ұсыныс кемиді. Неге? Өйткені, еңбектің жеке ұсынысы
алмастыру әсері және табыс әсері сияқты екі құбылыспен арқылы
түсіндіріледі. Нақты жұмыскер жалақының белгілі бір деңгейінде
өзінің жұмыс уақытын орындайды, әріқарай жалақы артқанда ол еңбек

           179

⇐ МАЗМҰНЫ
   174   175   176   177   178   179   180   181   182   183   184