Page 18 - index
P. 18

бірақ оларды сол экономикалық ғылыммен жасауға болмайды.
Экономикалық заңдарды анықтау экономикалық теорияның аса
маңызды қызметтеріне жатады және олардың тәжірибелік маңызы
зор болып табылады, себебі осындай заңдарды талдаудың негізінде
тиімді экономикалық саясатты қалыптастыруға болады.

   Экономикалық теория экономикалық заңдармен қатар экономика­
лық категорияларды да зерттейді.

   Экономикалық категориялар – бұл экономикалық құбылыстар­
дың аса маңызды жақтарын және қоғам өмірінің нақты жағдайларын
теориялық тұрғыдан сипаттайтын жалпылама ұғымдар мен логикалық
түсініктер (мысалы, сұраныс, ұсыныс, тауар, баға, пайда, қаржы,
несие, меншік, нарық, жалақы, бәсеке, т.б.).

   Экономикалық заңдардың жиынтығы қоғамның даму заңдылық­
тарын сипаттайтын экономикалық заңдар жүйесін құрайды. Осындай
жүйені құрайтын заңдарды негізгі және негізгі емес деп бөлуге
болмайды. Қоғам өмірін талдауда экономикалық заңдардың барлығы
дерлік маңызды және өзара байланысты болып табылады. Тек бір
ғана заңды пайдаланудан болған қателіктер барлық жүйені бүлдіріп,
қоғамдық өмірдің тепе-теңдігін жояды.

   Қолданылу мерзіміне қарай барлық экономикалық заңдар
төмендегідей түрлерге бөлінеді:

   1. Арнайы экономикалық заңдар – шаруашылық жүргізудің
нақты бір белгілі нысандарын дамытумен байланысты заңдар.

   2. Ерекше экономикалық заңдар – олардың іс-әрекет жүргізу
жағдайлары сақталатын нақты бір тарихи дәуірлерге тән заңдар.

   3. Жалпы экономикалық заңдар – адамзаттың барлық тарихи
дәуірлеріне тән заңдар. Олар барлық дәуірлерді біртұтас тарихи
үйлесімді үдеріс етіп байланыстырады. Бұған мәселен, қоғамдық
еңбек бөлінісі заңы және басқа да заңдар жатады.

   Экономикалық заңдар өз алдына жеке дара өмір сүріп әрекет
ете алмайды, ал экономикалық прогресс өзімен-өзі алға қарай дами
алмайды. Ол үшін адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға
бағытталған іс-әрекеттер қажет.

1.3. Экономикалық теорияның қалыптасуы мен тарихи даму
                                   кезеңдері

   Экономикалық ғылымның ұзақ және аса бай тарихы бар.
Экономикалық ілімдерді жүйелеудің ең алғашқы белгілі талпыныс­

           18

⇐ МАЗМҰНЫ
   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23