Page 15 - index
P. 15

4. Индукция – бұл жекелеген құбылыстар мен деректерден жалпы
қорытынды шығару. Мысалы, тұтынушы үшін тұтынылатын әрбір
қосымша игіліктің пайдалылығы төмендей береді. Бұдан мынадай
қорытындыға келуге болады, берілген тауарды тұтынушы адам сол
тауарды оған баға төмендеген жағдайда ғана әрі қарай сатып алуға
дайын екендігін көруге болады.

   5. Дедукция – бұл жалпыдан жекеге қарай өту. Мысалы, мынадай
жалпы қорытынды: әскери адамдар өте сымбатты келеді. Көшеде
азаматтық киімде келе жатқан адамды оның сымбаттылығына қарап,
оны әскери лауазымға қатысы бар екенін байқауға болады.

   6. Эксперимент – бұл сараптама жүргізу. Көптеген ғылымдар
сараптама жүргізуді танымның негізгі әдісі ретінде қолданады. Ол
тәжірибеде алға шығарылған ғылыми болжамның дұрыстылығын
бағалауға мүмкіндік береді. Алайда, экономикалық теорияда бұл
әдістің кеңінен қолданылуы шектелген. Экономикалық эксперимент –
экономикалық құбылыстарды аса қолайлы жағдайларда жасанды түр­
де сипаттау және оны әрі қарай тәжірибе жүзінде қолдану. Экономика­
лық эксперименттердің бір кемшілігі болып олардың барлық ықтимал
нәтижелерін нақты болжауға болмайтындығы табылады.

   7. Гипотеза – бұл алдағы уақытқа ғылыми болжам жасай алу.
Ғылыми дәлелдемелер мен қорытындылар үлгілерді зерттеу негізінде
қалыптасып отырады, яғни экономикалық шынайылылықтың
құбылыстары арасындағы байланыстардың түйінін келтіріп отырады.
Мысал ретінде, қандай да бір нарықта қалыптасқан баға сол нарық
жөнінде барлық қол жетімді ақпараттарды бере алатын «тиімді нарық
гипотезасын» келтіруге болады. Мұндай болжамның шындығы немесе
жалғандығы оны экономикалық шынайылықтың нақты деректерімен
салыстыру жолымен тексеріледі.

   8. Аналогия – бұл экономикалық құбылыстарды басқа экономи­
калық емес мысалдар арқылы түсіндіру және ұқсату. Мысалы,
экономикадағы ақша айналымы жүйесін адам организміндегі қан
айналымына ұқсатуға болады.

   9. «Әртүрлі тең жағдайларда» әдісі – бұл қандай да бір
құбылысқа бір фактор әсер еткенде басқа факторларды тұрақты
деп қарастыру. Бұл экономикалық құбылыстар арасындағы
функционалдық байланыстарды анықтау үшін экономикалық
зерттеулерде қолданылатын аса маңызды ұстаным болып табылады.
Мысалы, біз сұранысқа тауар бағасының қалай әсер ететінін
білгіміз келсе, онда оған әсер ететін басқа факторларды тұрақты деп

болжауымыз керек.

           15

⇐ МАЗМҰНЫ
   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20