Page 13 - index
P. 13

Экономика дегеніміз не? «Экономия» ұғымы және одан туындай­тын
«экономика» сөзі ежелгі гректің «ойкос, экос» – үй, үй шаруашылығы
және «номос» – заң, заңдылық деген сөздерінен құралады. Олай
болса, экономика – бұл шаруашылықты басқару ережелері мен
заңдылықтары. Ал, экономикалық ғылым – шаруашылықтың даму
заңдылықтары туралы ғылым.

   Экономикалық ғылымды, яғни экономикалық теорияны зерттеудің
мақсатты түрде бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге болады:

   Экономикалық теорияның зерттеу пәні – бұл экономикалық
субъектілердің нарықтағы өмір сүру ерекшеліктері мен тәртіптері.

   Экономикалық теорияның зерттеу аясы – бұл адамдардың
экономикалық әрекеттері жүзеге асырылатын экономикалық орта.

   Экономикалық теорияның зерттеу объектісі – бұл экономикалық
құбылыстар мен экономикалық мәселелер, экономикалық қатынастар
мен экономикалық үдерістер.

   Экономикалық теорияның зерттеу субъектісі – бұл адам, үй
шаруашылығы, фирма, мемлекет және сыртқы орта.

   Экономикалық теория адамдардың экономикалық мінез-
құлықтарын зерттейтіндіктен, олардың нарықтағы іс-әрекеттері
материалдық және материалдық емес игіліктерді өндірумен, бөлумен,
айырбастаумен және тұтынумен байланысты болып табылады. Осыған
қарап, біз экономикалық теорияны адамдардың шешім қабылдау
заңдылықтарын зерттейтін гуманитарлық, әрі қоғамдық ғылым
деп біле аламыз.

   Экономикалық теорияның зерттеу пәніне қатысты көптеген
анықтамалар бар. Солардың негізгілерін төмендегідей қарастыруға
болады.

   Экономикалық теория – адамдардың шексіз қажеттіліктерін
қоғамның шектеулі ресурстары арқылы қанағаттандыру үшін
материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру, бөлу,
айырбастау және тұтыну бойынша ғылым саласы.

   Экономикалық теория – шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану
жолындағы адамдар арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды
және олардан туындайтын экономикалық мәселелерді зерттейтін
қоғамдық ғылым.

   Экономикалық теория – байлық туралы ғылым.
   Американ экономисі Пол Самуэльсон экономикалық теорияны
барлық экономикалық ғылымдардың патшайымы деп атаған. Осы
тұрғыда, экономикалық теорияны зерттеу шаруашылық өмірде

           13

⇐ МАЗМҰНЫ
   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18