Page 191 - index
P. 191

Кір жуатын машинаны қолданудың басқа да шығындары
(амортизация, электроэнергия) 100 теңгеге тең.

   Анықтаңыз, отбасыға кір жуатын машинаны сатып алған дұрыс па?

   6. Тест тапсырмалары:
1.	 Рентаның қандай түрі жердің сапасымен байланысты

    алынады?
    А) Абсолюттік рента В) 1 Дифференциалдық рента
    С) 2 Дифференциалдық рента D) 1 және 2 дифференциалдық рента
    Е) Рентаның барлық түрі
2.	 Егер жылдық жер рентасы 600 долл., ал нарықтық пайыз
    мөлшерлемесі 20% болса, онда жердің бағасы қаншаға тең?
    А) 3000 долл. В) 120 долл. С) 480 долл. D) 12000 долл. Е) 1200 долл.
3.	 Нақты еңбек ақы – бұл:
    А) әрбір жұмысшының алатын ақшасы
    В) есептелген еңбек ақы сомасы
    С) инфляция шамасына реттелген номиналды еңбек ақы
    D) негізгі және қосымша еңбегі бойынша еңбек ақы
    Е) еңбек ақыдан ұсталған ақша сомасы
4.	 Ақшаларды, акциялар мен облигацияларды капитал
    факторына жатқызуға бола ма?
    А) Жоқ, жатқыза алмаймыз
    В) Иә, болады
    С) Тек акциялар мен облигацияларды жатқыза аламыз
    D) Тек акцияларды ғана жатқыза аламыз
    Е) Тек облигацияларды жатқыза аламыз
5.	 Нақты пайыз мөлшерлемесі қалай анықталады?
    А) Номиналды пайыз мөлшерлемесінен жылдық инфляция

        қарқынын алып тастау арқылы
    В) Номиналды пайыз мөлшерлемесін жылдық инфляция

        қарқынына қосу арқылы
    С) Номиналды пайыз мөлшерлемесінен инфляцияның орташа

        қарқынын шегеру арқылы
    D) Ағымдағы жылы қалыптасқан пайыз арқылы
    Е) Өткен жылғы қалыптасқан орташа пайыз арқылы
6.	 Мына тұжырымдамалардың қайсысы дұрыс берілген:
    А) Жер ұсынысының ерекшелігі оның абсолютті икемділігінде
    В) Дифференциалдық рента сапасы төмен жерлерден алынады
    С) Нақты пайыз мөлшерлемесі үнемі оң мәнді болып келеді

           191

⇐ МАЗМҰНЫ
   186   187   188   189   190   191   192   193   194   195   196